Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Новости за сегодня

Ғылым туралы заңды яғни ғылым саласын бөліп қарау

13 мая 2014, 13:11

Экономист

Біз өмір сүріп отырған қоғам жаңа талаптар мен міндеттерді ұсынуда. Ғылыми-техникалық жетістіктердің жылдам қарқын алуы азаматтардың қоғамдық болмысы мен қоғамдық санасын өзгертті, жаңа құндылықтар пайда болды. Алайда ғылым өзінің ашылуларымен таңғалдыруын тоқтатар емес.

Ғылымның қазіргі ортадағы ролі қандай? 21 ғасыр ғылымның,білімнің даму кезеңі дейміз. Алайда ғылымға жеткілікті көңіл бөлінуде ма? Ақшаның заманы болып саналатын бұл дәуірде бұл салаға қаржы бөлініп жатыр ма? Әлде ғылым қаржы талап етпейтін сала ма? Деген сансыз сұрақтар желісі.

Болашақ жастардың қолында дейді, алайда ғылым саласында еңбек ететін жастарға үкімет тарапынан қолдау болмай жататынын байқаймыз. Қазірде ғылым саласынын жағдайы өте мүшкіл деп те айтуға болмайды, себебі ғылымның дәуірі екені сөзсіз.

Ғылымға деген екі көзқарасты қарастырсақ болады. Оладың бірі ғылымға қаржы қажет емес, ғылым ақшаға тәуелді емес деп қарастырамыз. Бұл пікірде де ақиқат жоқ деп айта алмамыз. Себебі ғылым бұрынғы заманнан бері дамып келе жатыр, адамзат өкілдері мыңдаған ашылулар жасады, әлемге, адамзат қажеттілігін барынша қанағаттандыруға тырысты, және мұның бәрі қаржының көмегінсіз екенін ескерсек. Ғылымға қаржы қажет па? деген сұрақ қайта туындайды.

Ал екінші көзқарас иелері ғылымға қаржы қажет, бұл сала қоғамның ара қатынасын, қолдауын, қаржылай қолдауды талап етеді деп санайды. Екінші пікір иелері де тарихты дәлелге сүйенеді. Олар айтуынша егер тарихқа үңілер болсақ, көптеген ашылуларды уақытында қолдауға, мойындауға ие болмағаны үшін ғылым саласы бірталай орнында тоқтап қалатын деп санайды. Тіпті күнделікті өзіміз қолданатын телефонды алатын болсақ, Грехем Белл -дің де ашылуына қаржылай көмек, қолдау қажет болғанын байқаймыз. Оның бәрі болмағандығы телефон дамуын бір ғасырға кешіктірді. Сонда ғылымға өте тез қарқынды дамуы үшін қаржылай қолдаудың жөні бөлек екенін байқаймыз. Себебі әр түрлі зерттеулер, техника бәрі- бәрі қол жетімді болуы тиіс дейді. Қолжетімді болуы үшін қаржы керектігі анық. Бұл пікірге де келіспекке амал жоқ. Себебі кез -келген сала дамуы, өркендеуі үшін біз ол салаға көңіл болуіміз кажет, қаржылай қолдау көрсетіп, үлес қосуымыз керек. Сонда ғана жемісін көреміз. Демек ғылым қаржыны талап етеді.

Бұл екі пікірді оқи отырып өздерінізге белгілі бір ой түйгендерініз анық. Ғылым саласы баршамызды әрдәйым осылай аландатып, пікір тудыруын тоқтатпаған жағдайына қарай отырып, бұл саланың ғұмыры әлі ұзақ, таңғажайып ашылулары әлі көп екені хақ.

Яғни қорытындылай кетсек:

1. Ғылым саласына деген гранттар, стипендиялар және т.б. материалдық көмек көлемін ұлғайту;

2. Жас ғалымдарды әрбір жұмыстарына сенімділікпен қарау және қолдауды күшейту;

3. Еліміздегі жыл сайынғы жас ғалымдар көрмесін арттыру.

Елімізде көптеген жас ғалымдардың жұмысы аздап еленбей қалатыны бар. Егер ол жұмыстарға біраз көңіл бөлініп оларға толықтырулар енгізуге үкіметтен көмек беру күшейтілсе, еліміздің жас ғалымдары басқа шет ел, яғни ағылшын немесе француз кем емес екені хақ. Ғылымға деген көзқарасты алып қарасақ, ғылым- қыруар қаржыдан гөрі адам ойы мен ақылын көбірек қажет ететінін ескерген жөн.


MINI-MBA — ваш путь к высокооплачиваемой работе. - 43%. Успейте!

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...