Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Новости за сегодня

Өзін жұмыспен қамтығандардың мәселесін қалай шешуге болады?

26 ноября 2014, 14:47

Бакалавр   

              Өзін жұмыспен қамтығандардың мәселесін қалай шешуге болады?

Қазір үкімет тарапынан қолдаулар көрсетіліп,банктер арқылы несиелер беріліп,халық түрлі кәсіптер ашып,өз-өзін жұмыспен қамтып,тұрмыс- жағдайларын түзеп,балаларын оқытып,заман ағымымен өмір сүріп жатыр. Адам шыр етіп дүниеге келгеннен кейін оқып, білім алып,жұмыс істеп,жақсы өмір сүруге талпынады.Бәріміз бірдей,тең құқылымыз. Бірақ әр адамның тағдыры әр түрлі?  Неге біреу бай,біреу кедей болады?Неге біреу өте жақсы өмір сүреді,неге біреу ішетін ас таппайды?Бәрін  тағдырдың маңдайымызға жазғаны дейміз.Бірақ сол тағдырды өз қолымыздан жасап аламыз. Таразының екі басы тең болған кезде ғана,бәріміз бірдей жақсы өмір сүре аламыз,яғни тепе-теңдік сақталмаған.Бұл жер бетіндегі барлық елге,адамға тән нәрсе.Адам жақсы өмір сүру үшін білімді болу керек,жоғарғы оқу орнын бітіру керек дейміз.Бірақ сол білім ордаларын неге орта,жоғарғы деп бөлуіміз керек.Барлығының оқытатын мамандығы бірдей.Қолданатын оқулықтары бірдей.Бұрын орта оқу орындарына 9 сынып бітіргендер,нашар оқитындар, жағдайы келмейтіндер баратын.Онда 9 сынып бітіріп барғандар,10-11 сыныптың мектеп бағдарламасын екі жыл оқып,қалған бір-екі жылын мамандығы бойынша оқиды.Сонда ол екі жылда мамандық игере алама? Қазір жоғарғы оқу орнын бітіргендердің өзі жұмысқа тұра алмағанда лицей,техникум,колледж бітіргендердіңде жұмысқа алынуы екіталай. Сондықтан барлығыда, мектепті 11 сыныппен аяқтап,қалаған кез келген жоғары оқу орнына барғаны жақсы.Себебі,қазір заманға сәйкес жағдай мүлдем басқаша,яғни нашар оқысаңда, ақылы бітіріп шыға аласың. Әрбір кішкентай баланың,мен өскенде апай болам,доктор болам.... деген бала армандарын бәрімізде естіп жүрміз.Яғни өскенде қандай мамандық иесі болатынын, бала кішкентайынан бастап, таңдай бастайды.Бірақ,ол армандары әр түрлі себептермен,көбіне жүзеге аса бермейді.Қазір ол тіпті де мүмкін болмай бара жатыр.Себебі,11 сыныптан бастап ҰБТ-ға қатысатын,қатыспайтын деп 2-ге бөле бастайды.Екінші нашар оқитын топтар 9 сыныпты бітіріп немесе 11сыныпта мектептен емтихан тапсырады да лицей,техникум,колледждерге жол тартады.Ал,ҰБТ-ға қатыскан қалған мектеп бітіруші түлектердің тағы бір тобы,грантқа түсу мүмкіндігі бар жерлерге қаласада-қаламасада мамандықты таңдай салады,яғни түсіп кеткен жағдайда, амалсыздан оқып шығады.Түспегендері, ақылы мамандықтарға тапсырып, бітіріп шығады.Өйткені,сол жылы оқуға бармаса,балл жинаған сертификаттары келесі жылға жарамсыз болып қалады.Сөйтіп,мектеп бітіруші түлектер жаппай оқу орындарына барады,яғни ата-анасы қатарынан кем болмасын,диплом алсын деп қарызданып оқытады.Ал,сосын  ол дипломның 70% -і үйде сақтаулы тұрады.Себебі,олар таңдаған сол мамандықтарымен жұмыс таба алмайды.Жұмысқа тұрайын десе еңбек өтілі кемінде бір немесе үш жылдан кем болмауы қажет.Ал жаңа ғана оқу орнын бітірген адамда қандай өтіл(стаж) болуы мүмкін?Ешқандай мекеме еңбек өтілінсіз жұмысқа алмаса,ол адам қалай өтіл жинамақшы? Осыдан кейін, әркім табыс табуы үшін,тапқан жұмысына қанағат қылады. Адамдар құжатсыз  жалданып, жұмыс жасайды.Құжатпен,яғни келісім-шартпен уақытша тұрғанның өзіндеде, оларға зейнетақы жарнасы аударылмайды.   Менде, жоғарыда айтылғандай өзім таңдамаған мамандықты ақылы бітіріп шықтым.  3 жылдан бері сол мамандықпен жұмысқа тұра алмай,қоғамдық жұмыспен көше тазалайтын тазалықшыда болдым.Жастар практикасынада оқу бітіріп келуіне, жазылып қойдым. Екі жыл өткеннен кейін,балық мекемесіне балықшы боласыз ба деп хабарласты.Ондада осы екі жыл ішінде жұмыс істемесем ғана бара алады екенмін.Сонда жастар практикасы қашан жұмыс тауып береді деп екі жыл бойына жұмыс істемей отыруымыз қажет пе?Ондада өз мамандығымызға емес.Сонда жоғарғы оқу орнын тазалықшы,балықшы болу үшін бітірдім бе деп ойлайсыз.Қазірде табылған  әр түрлі мамандықтар аясында келісім-шарт негізінде жұмыстар істеп жүрмін.   Қарап отырсақ, ҰБТ сертификаты бойынша,тек оқу орнын бітіріп,диплом алуды ғана мақсат етіп отырған сияқтымыз. Себебі,халықтың тең жартысы өз мамандықтарымен жұмыс жасамайды. Қазір кез келген мекемелерде,әсіресе үкімет тарапындағы мекемелерде басқа мамандық иелерінің маман,жетекші маман,бас маман,менеджер,бас менеджер,топ менеджер тағы сол сияқты балама аттармен жұмыс жасап жатқаны белгілі.Соған қарап,оқу орындары тек «маман» деген мамандықты оқытып жатқанба деп ойлап қаласыз. Мұндай балама атпен жұмыс жасай беретін болса,онда оқу орындарындағы  мамандықтарды босқа оқытып, қажеті қанша.          

          Жұмыссыздықты болдырмау мақсатында,бітіруші түлектерді жұмыспен қамту аясында өмірге «Бизнес-2020» бағдарламасы, «Жол картасы», жастар практикасы,қайта даярлау курстары,қоғамдық жұмыстар сияқты жобалар келді.Бизнес бағдарламасымен несие алып,өзін жұмыспен қамтушылар көптеп пайда бола бастады.Оларға шағын жеке өз кәсібін ашқандар,яғни белгілі бір өнім өндірушілерді(ет,макарон,нан,кондитер,сүт т.б.тамақ өнімдері,үй жиһаздарын жасайтын цехтар)жатқызуға болады.Ол өзін және бірнеше ондаған адамдарды жұмыспен қамтып,айлық төлеп отыр.Өндіретін өнім көлемі мен табыс көлеміне қарап оларды жеке кәсіпкерлерге жатқызуға болады.Олар патентпен жұмыс жасап,салық заңдылықтарына сәйкес салықтарын төлейді.Енді бір адам ғана өзін жұмыспен қамтыса,оғанда патент беріліп,оларды да жұмысына қарап, жеке кәсіпкер деп айтамыз. Мысалы,дайын құрылыс заттарын,басқада тамақ,тауар өнімдерін әкеліп,үстеме баға қойып сататын саудагерлерді айтуға болады.Бірақ олар айлық алмайды,яғни  үкімет оған айлық бермейді.Сондықтан олардан салық талап етпеуміз қажет.Ол мұны жанұясын асырау үшін, мәжбүрліктен жасап отыр.Егер салық төлейтін болса,оныңда басқалар сияқты үкіметтен айлық алғысы келеді.Сонда ел қатарлы оларда салығын төлер еді.Оның жұмыс таба алмауына,ол кінәлі емес қой. Ал, өз үйінің өнімін сатушылардыда(ауладағы бақша өнімдері,сүт-айраны т.б) оған жатқызуға болмайды.Себебі,ол жаздай еңбектеніп,қаншама физикалық тұрғыдан алғанда шығындар жұмсады.Өзінен артылғандарын нан-пұл қылу үшін таныстарына,көршілеріне базар бағасынан төмен бағада өткізеді.Оны пайдасы деп,жұмыспен өзін қамтамасыз етті,салық төлеуі қажет деп қателеспеуіміз керек.       

Менің ұсынысым:
--Оқу орындарының барлығына бірдей статус берілу қажет.Ол үшін мектеп бағдарламасын тек 11 сыныппен аяқтатуды енгізіп,ҰБТ сертификатының жарамдылығын мерзімсіз деп өзгерту қажет.Сонда бала жағдайы келген уақытта,таңдаған оқу орнына сол сертификатпен баруы шарт.
-Оқу орындарының міндеті, түлектерді тек бітіртіп жіберумен шектелмей, әрі қарай сол дайындаған  мамандық иелерін өздері жұмыспен қамтамасыз етуін заң тұрғысынан талап ету қажет. Оқу орындары бітіруші түлектерін жұмыспен қамти алмаса,ол оқу орындарын жабу мәселесіне дейін көтеру қажет.Қазір елімізде жұмыс орындары жеткілікті.Солармен келісім-шарт жасап,оларға қажетті мамандықтарды ғана оқытып,бітіруіне тікелей сол мекемелерге жолдамамен жіберу қажет. Осындай талаппен ғана жұмыссыздықты азайтуға болады
-Еңбек өтілінің мерзімін талап етуді заң аясында алып тастау қажет.Оқу орнын бітірген мамандар кез келген уақытта, еңбек өтілінсіз жұмысқа алынуы қажет.Себебі,оқу орындары сол мамандықты төрт-бес жыл бойы үйретіп, дайын маман иесі деп,қолына диплом беріп отыр.Сондықтан,оқыған жылдары еңбек өтілі деп саналуы қажет.
-Егер түлек төрт жыл оқитын болса,оның екі жылын оқу орнында оқытып,  соңғы екі жылын мекемеде тегін тәжірибеден өтуді заң аясында енгізу қажет.Сонда теориядан гөрі,тәжірибеден өткен адам дайын маман иесі болады да,сол екі жылды өтілі деп есептеу қажет.Сонда жұмысқа оңай орналасуына болады.
-Үкімет тарапынан барлық оқу орындарының мамандықтарына,оқитын немесе бітіруші түлек санына,еліміздегі жұмыс орындарына мониторинг жүргізу қажет. Саны барда сапасы жоқ мамандықтарды қысқарту қажет.
-Келісім-шартпен уақытша жұмысқа алынған адамдар болсын,жеке адам мен мекеме арасындағы көрсеткен қызметі үшін төленетін ақы болсын,зейнетақы жарнасы аударылу қажет.
-Жастар практикасы,қоғамдық жұмыстар, қайта даярлау курстары саласына салынып жатқан қаражаттар тиімсіз.Сондықтан,ай сайын, бюджеттен аудан,қала,ауылдарға  осы салаға бөлініп жатқан қайтарымы жоқ осы қаражаттарды есептеп,соған бір-бір үкіметтік өндіріс орындарын ашып,сол адамдарды тұрақты жұмысқа тартсақ,жұмыссыздарды азайтып,өзін уақытша ғана  алдамшы жұмыспен қамтыған адамдарға көмек болады деп ойлаймын.Себебі,тұрақты айлық алады,салық төленеді.Яғни ол ақшаның қайтарымы болады.Үкімет өндіріс ашуға бөлген ақшасын,салықпен қайтарып алып отырады.

Сөзімді қорытындылай келе,басқа елдің дайын өнімдерін әкеліп,үстеме баға қосып сатып,халықты,айналып келгенде өзімізді алдағаннан гөрі,бізде сол елдің шығарып жатқан өнімдерін неге шығармасқа. Неге Қытайдың,Түркияның өнімдері біздің елді жаулап алды Біздің өнімдерімізді неге сол елдің адамдары қызығып алмасқа. Шағын кәсіпкерлікпен тек өзімізді ғана жұмыспен қамтып қоймауымыз керек. Шығарылған өз өнімдерімізді ең алдымен өзіміз арзан бағада тұтынып,әрі қарай өнім көлемін ұлғайтып, сол жақын шет елдерге  экспорттауға шығаруға күш салуымыз қажет. Ол үшін осы шағын кәсіпкерлікті ірі өндіріс орнына айналдырып,қаншама адамды жұмыспен қамту үшін әлі де үкімет тарапынан үлкен қолдаулар қажет.


Лучший выбор – инвес-тиции в свое образо-вание! MINI-MBA -43%

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...