Лента новостей
0

Алматы тауларында 1000 текше метр болатын қар көшкіні жүрді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.02.2016 16:08 Zakon.kz
Алматы маңындағы тауларда тұрғындар қауіпсіздігі үшін жасанды қар көшкіні ұйымдастырылды. Бұл осы маусымда төртінші рет болған шара.

Қолдан ұйымдастырылған жарылыс Ғарыш стансасы мен Үлкен Алматы көлі жолын тазалау мақсатында жасалды. Іс-шараға қалалық Төтенше жағдайлар департаменті, «Қазселденқорғау» мекемесі, «Қазгидромет» орталығы қар көшкінін бақылау және болжау бөлімінің мамандары, Республикалық жедел құтқару жасағы қатысты, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

«Алматының маңындағы тауларда қар көшкіні сирек жүреді. Дегенмен қауіпсіздік шараларын міндетті түрде ескерген жөн. Алматы қаласы «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен қазір қар көшкінінің алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Үлкен Алматы өзені алабында 18 қар көшкіні қауіпті ошақ біздің тіркеуімізде тұр. Бүгін «Қазгидрометтің» ұсынысы негізінде 18-ші ошақта, яғни Ғарыш стансасы-БАО жолында қар көшкінін жару тәсілімен түсіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қауіптің алды алынып, 1000 текше метр қар көшкіні түсірілді»,- деді «Қазселденқорғау» ММ Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою бөлімінің басшысы Мереке Ғазиз.

Табиғи апаттың алдын алу жұмыстары «Қазгидромед» мекемесінің ұсынысымен қауіпті ошақты анықтаудан басталады. Десек те, өткен жылмен салыстырғанда биыл жауған қардың қалыңдығы жылдық нормадан төмен болған.

«Бұл жерде бізбен бірге Алматы қаласының әкімдігі, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қатысып және республикалық құтқару қызметі отрядының мамандарымен бірігіп жұмыс істеп жатырмыз. Осы кездегі қардың қалыңдығы жылдық нормадан төмен. Қазір осы жерде 7 см-ге төмен жылдық нормадан»,- деді Алматы қаласы «Қазселденқорғау» ММ басшысы Ринат Әміржанов.

Таулы аймақтарда, атап айтсақ Кіші Алматы өзенінде 64, Үлкен Алматы көлінде 18 қар көшкіні жүру қаупі жоғары аймақ бар. Мамандардың айтуынша, Алматыға төнетін қауіп жоқ. Қала әкімдігі,Төтенше жағдайлар департаментінің арқасында алматылықтарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құлағдар етіп отырамыз дейді. Еске сала кетейік, мұндай шара қыс басталғалы бері 4-ші рет ұйымдастырылған.

Азамат Әуезхан, Ялкунжан Әшімжанов

Фотосурет:www.foksit.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: