Лента новостей
0

Алматыда бір күнде 100-ге тарта жол апаты тіркелді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.02.2016 22:20 Zakon.kz
Бір тәулік ішінде мегаполисте 96 жол-көлік оқиғасы тіркелген, жол апатынан 16 адам жапа шеккен.

Алматыда кешеден бері қар толассыз жауып тұр. Осыған байланысты ішкі істер департаменті жүргізушілерді жолда абай болуға шақырады, деп хабарлайды BNews.kz.

Алматы ІІД мәліметінше, бір тәулік ішінде мегаполисте 96 жол-көлік оқиғасы тіркелген, жол апатынан 16 адам жапа шеккен.

«Қолайсыз ауа райы кезінде жолда барынша сақ болған жөн. Жылдамдықты асырмаған абзал. Әдетте тәулігіне 70-тен аса жол-көлік оқиғасын тіркеп жатамыз», - дейді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қазір қалада сейсенбіден бері толассыз жауып тұрған қарды тазалау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бүгін таңертеңгі жағдай бойынша тау бөктеріндегі елдімекендерде қардың қалыңдығы 25 сантиметрді құраса, қала ішінде – 15 см.

«Коммуналдық қызметтер жолдарға екі рет құм-хлорид қоспасын сеуіп, көшелерді қардан тазалады. Әл-Фараби, Достық даңғылдары, Саин, Фурманов көшелері, Абай, Абылай хан даңғылдары мен Желтоқсан, Наурызбай көшелерінде көктайғаққа қарсы реагенттерді себудің жаңа технологиясы қолданылды. 7056 тонна құм-хлорид қоспасы мен 244 тонна техникалық тұз пайдаланылды», - деп мәлімдеді Алматы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан.

Қар тазалау жұмыстарына барлығы 900-ден аса жұмысшы тартылған. Синоптиктердің болжамынша, Алматыда бүгін күні бойы қар жауады.

Фото: news.caravan.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: