Лента новостей
0

Абай қорық-мұражайы мен Гримм музейі арасында ынтымақтастық меморандумы қабылданды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 12.02.2016 22:32 Zakon.kz
Абайдың тарихи-мәдени және әдеби-мемориал мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайында «Музейтану мәселелері» атты аймақтық семинар өтті.

Шығыс Қазақстан облысы музейлері қызметкерлерінің кездесуінде бүгінгі музейлер қызметіндегі өзгерістер мен жаңашылдықтар, жалпы әлемдік музейлердің тәжірибесі жөніндегі мәселелер қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz, Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараның құрметті қонақтарының бірі ICOM-ның әдеби және музыка музейлер комитетінің (ICLM) вице-президенті, ағайынды Гриммдер әдеби музейінің (Кассель қ., Германия) директоры Бернард Лауэр болды. Іс-шара барысында қазақстандық қорық-мұражайдың жетекшісі Б.Жүнісбеков және неміс музейінің директоры екі мекеме арасындағы шығармашылық байланысты нығайту мақсатында екі жақты меморандумға қол қойды.

Абай қорық-мұражайының директоры өз сөзінде Абай Құнанбаев және ағайынды Гриммдер сияқты әлемдік әдебиеттің көрнекті қайраткерлерінің әдеби мұрасының насихатталуы және сақталуына бағытталған екі мұражай ынтымақтастығының маңыздылығына тоқталып өтті. Семинарға қатысушы музей қызметкерлеріне Бернард Лауэр мырза «Ертегінің таңғажайып әлемі» көрмесі бойынша экскурсия жүргізіп, ағайынды Гриммдер бойынша көптеген мәліметтер берді.

Фото: kaztrk.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: