Лента новостей
0

Сирияда 5 мыңнан астам мектеп оқуға жарамыз болып қалды

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 12.02.2016 23:59 Фото: zakon.kz
Сирияның үкімет жасағы Алеппо провинциясындағы стратегиялық маңызды нысандарға біртіндеп бақылау орната бастады. Ұрыстың салдарынан ақпанның басынан бері мұнда жарты мыңнан астам тұрғын көз жұмды.

Сирияның үкімет жасағы Алеппо провинциясындағы стратегиялық маңызды нысандарға біртіндеп бақылау орната бастады. Қиян-кескі ұрыстың салдарынан ақпанның басынан бері мұнда жарты мыңнан астам тұрғын көз жұмды. Қарулы қақтығыстардан балалар да зардап шегіп, зәрезап болған. Қираған парталар. Есік-терезесі жоқ сыныптар. Сириядағы мектептердің бүгінгі кейпі осы. 5 жылға созылған азаматтық соғыстың салдарынан көптеген білім орындарының шаңырағы ортасына түскен. Бүгінде бұл елде 5 мыңнан астам мектеп пайдалануға жарамсыз, деп хабарлайды 24 kz арнасы.

«Мен мектепке келгенде, аулада үлкен шұңқырдың пайда болғанын көрдім. Біз оқитын сыныптың түгі қалмаған. Жөндеу жұмыстарынан кейін онда екі апта оқыған едік. Артынша тағы да шабуыл жасалып, ғимарат қирап қалды», дейді 10 жасар Маха.

Осылайша, балалар үйінділер ортасында сабақ оқуға мәжбүр. Оларға әріп танумен қатар, бомбалау кезінде қалай әрекет ету керектігі де үйретіледі. Өйткені дер кезінде жасалған эвакуация мыңдаған бүлдіршін мен жеткіншектің өмірін сақтап қалған. Жалпы, 2011 жылы Сирияда азаматтық соғыс басталғалы шамамен 250 мың адам көз жұмған. Сорақысы сол, марқұмдардың 13 мыңға жуығы – бала. Миллиондаған тұрғын үйлерін тастап, босып кетті. Тағы 4 миллионнан астам сириялық елінен кетіп, көршілес Иордания, Ливан мен Түркияға бас сауғалаған

Жұлдыз Атагелдиева, Әсет Толыбаев

Фото: inforesist.org

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: