Лента новостей
0

Елордалық этномәдени бірлестіктердің басшылары сайлауда дауыс берді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.03.2016 23:20 Zakon.kz
Айта кетейік, ертең Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан кандидаттарды сайлау өтеді.
Елордалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары ҚР Парламенті Мәжілісі мен Астана қаласы мәслихаты депутаттарын сайлауға қатысты.

ҚР армян диаспорасының өкілі, «Ван» этномәдени орталығының хатшысы Саак Салумян алғашқылардың бірі болып №51 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды "Қазақстан" ҰТА.

«Мемлекетімізді және Президентімізді толығымен қолдаймын. Ұлы Наурыз мейрамы қарсаңында ертеңгі күнге сенімді қадам басып, әрқашан да тек алға ғана жылжу үшін Қазақстан халқы өз таңдауын жасамақ. Дұрыс таңдау жасағаныма сенімдімін», - деп бөлісті өз пікірімен Саак Салумян.

«Достық» өзбек этномәдени орталығының төрағасы Хасан Шәріпов №17 мектеп ғимаратындағы № 92 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Бәріміз үшін аса маңызды оқиға - сайлауға бүкіл отбасымызбен келдік. Қазақстанның болашағы, бірлік пен ынтымақ үшін дауыс бердік», - деді Хасан Шәріпов.

Ол Мәжілістің кезектен тыс сайлауын өткізу әлемде қалыптасқан экономикалық жағдайға байланысты дұрыс қабылданған шешім екендігін атап өтті.

«Поляки» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Елена Роговская еліміздегі үлкен саяси оқиғаны қолдап, өз таңдауыңды жасау маңызды деп санайды.

«Мемлекетке жаңа серпін қажет, Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлердегі мәслихаттың жаңартылған құрамы экономикамызды модернизациялайды. Біздің қоғам дұрыс жолмен келеді, адамдар үлкен өзгерістерді күтуде, сайлауға да шын ниетпен келіп жатыр. №8 сайлау учаскесінде кісі көп болды, дауыс беру үшін кезекте тұруға тура келді», - дейді Елена Роговская.

Айта кетейік, ертең Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан кандидаттарды сайлау өтеді.

Фото:24.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: