Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Еліміздің ертеңі үшін маңызды саяси шара аяқталды

Енді комиссия мүшелері бюллетеньдерді санауға кіріседі. Батыс өңірдегі тұрғындар əлі де таңдау жасап үлгереді.

Фото : 20 марта 2016, 20:51
Eліміздің ертеңі үшін ерекше маңызды саяси шара да межелі мерзімде мәреге жетті. Қазақстанның батыс аймағынан басқа өңірлерде Астана уақыты бойынша тура 20.00-де сайлау бөлімшелері жабылды, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Енді сайлау нәтижесін анықтау үшін сайлаушылар дауысын санау басталады. Ал Орталық сайлау комиссиясы сағат санап тың деректер мен мәліметтерді жариялап, қолда бар көрсеткіштерден құлағдар етуде. Біздің тілшілеріміз әрбір сәтті қалт жібермей, бәрін жіті бақылап отыр. Сонымен, бірер минут бұрын Астана жəне аймақтардың басым бөлігінде сайлау учаскелері жұмысын аяқтады.

Енді комиссия мүшелері бюллетеньдерді санауға кіріседі. Батыс өңірдегі тұрғындар əлі де таңдау жасап үлгереді. Ал шетелдегі учаскелерге келер болсақ, уақыт айырмашылығына байланысты Нью-Йорк, Вашингтондағы учаскелер ең соңғы болып жабылады. Биылғы саяси науқанда қазақстандықтар ерекше белсенділік танытып отыр. Бұған көрсеткіштер дәлел. Саяси науқанның ұйымдастырылуына шетелдік байқаушылар жоғары баға беруде.

Мәншүк Мақсұтқызы
Фото: thenews.kz


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии