Лента новостей
0

«Орталық-Оңтүстік» жобасын жүзеге асыру үшін 2016 жылы 63 млрд теңге бөлінді - Ж.Қасымбек

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.04.2016 16:45 Zakon.kz
Биыл ұзындығы 200 шақырым учаскеде жолды ашу жоспарда. Бұл негізінен Астана қаласынан Павлодар бағытындағы алғашқы 50 шақырым және Павлодар қаласынан жекелеген учаскелер.

«Орталық-Оңтүстік» жобасын жүзеге асыру үшін 2016 жылы 63 млрд теңге бөлінді, деді ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек Парламент Мәжілісінің көшпелі отырысында. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Орталық-Оңтүстік» жобасы аясындағы Астана – Алматы бағыты бойынша жұмыс 2013 жылы екі учаскеде басталды: Астана-Теміртау – 171 км және Алматы-Қапшағай – 104 км. Бүгінде пайдалануға 12 шақырым жол берілді. 2016 жылдың бюджеті 63 млрд теңгені құрады», - деді Ж.Қасымбек.

Ол атап өткендей, жылдың қорытындысы бойынша Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай учаскелеріндегі жұмыстар толық аяқталды. «Орталық-Оңтүстік» бағытындағы жұмыстар 2020 жылы аяқталады деп күтілуде.

Астана-Өскемен бағытындағы жолдардың құрылысына осы жылы 60,5 млрд теңге бөлінді. Бөлінген қаржы есебінен Астана-Павлодар және Павлодар-Семей-Қалбатау бағытындағы учаскелер жүзеге асырылады.

«Биыл біз ұзындығы 200 шақырым учаскеде жолды ашуды жоспарлаудамыз. Бұл негізінен Астана қаласынан Павлодар бағытындағы алғашқы 50 шақырым және Павлодар қаласынан жекелеген учаскелер. Сондай-ақ, Ертіс өзеніндегі көпірдің құрылысын аяқтауды жоспарлаудамыз. Бұл бірегей жаңа көпір биыл күзде аяқталады. «Қалбатау- Өскемен» учаскесі - 102 шақырым Қытайдың «Эксимбанкінен» алған қарыздар есебінен жөнделеді», - деп түсіндірді вице-министр.

Фото:today.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: