Лента новостей
0

2017 жылы Қазақстан ЭЫДҰ инвестициялар жөніндегі комитетке енуді жоспарлауда - ҚР ИДМ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.05.2016 22:00 Zakon.kz
2016 жылдың басынан бастап ИДМ-ге 300 мемлекеттік қызмет көрсетуге 400-ден астам өтініш келіп түсті.

2017 жылы Қазақстан ЭЫДҰ инвестициялар жөніндегі комитетке кіруді жоспарлауда, деп мәлімдеді бүгін елдің индустриалды-инновациялық саясаты мәселелеріне арналған брифинг барысында ҚР ИДМ Инвестициялар жөніндегі комитеттің төрағасы Ерлан Хаиров. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп жазады.

«Біз 2017 жылы ЭЫДҰ Инвестициялар жөніндегі комитетке енуді жоспарлап отырмыз. Бұл біздің инвестициялық климаттың ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес келетінінің белгісі және дәлелі болмақ», - деді Е.Хаиров.

Оның айтуынша, 2016 жылдың басынан бастап ИДМ-ге 300 мемлекеттік қызмет көрсетуге 400-ден астам өтініш келіп түсті.

Комитет басшысы баса айтып өткендей, министрлікте шетел инвесторларын тартудың үш деңгейлі жүйесі қалыптасқан.

«Бірінші кезекте, Президент сыртқы деңгейде сыртқы саяси ведомстволардың қызметін экономизациялауды тапсырды. Басым елдерге қосымша елшіліктердің арнайы 10 кеңесшісі жіберілді. Олардың жұмысының басым бағыты инвестиция тарту, келісімдерді жүзеге асыру және қазақстандық экспортты жылжыту болып табылады. Сондай-ақ, «Kaznex Invest» 5 өңірлік фронт-кеңсесі ашылуда, олардың негізі әлемнің іскерлік орталықтарында қаланады, және оның негізгі міндеті инвесторларға арналған «бір терезе» аясында жұмыс жасау», - деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, инвестициялар тарту бойынша үкіметтік кеңес құрылды, ол трансұлттық компаниялардың қатысуымен стратегиялық инвесторлар бойынша жұмыстарды үйлестіріп, қарайды.

Фото:ortcom.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: