Лента новостей
0

Павлодарлық робот құрастырушы 18 команда өз жұмыстарын ұсынды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.05.2016 15:34 Zakon.kz
Шараға жалпы білім беретін және мамандандырылған мектеп оқушылары мен қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиелеушілерінен, колледж студенттерінен құралған 18 командада 40-қа жуық өнертапқыш қатысты.

Павлодарда М. Катаев атындағы оқушылар сарайында робот техникасы бойынша облыстық жарыс өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Шараға өңірдегі жалпы білім беретін және мамандандырылған мектеп оқушылары мен қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиелеушілерінен, колледж студенттерінен құралған 18 командада 40-қа жуық өнертапқыш қатысты.

- «ҚазРоботикс» ҚБ ұйымдастырған чемпионат аясындағы жарыста жас өрендер «Сызықтар бойынша жарыстар», «Кегельринг», «Робосумо» кезеңдерінде өз жұмыстарын ұсынды. Сонымен қатар, «Слалом» бойынша тағы бір команда бақ сынауда. Жеңімпаздар биылғы жылы күз мезгілінде өтетін чемпионатта Павлодар облысының намысын қорғайтын болады. Командалар жас ерекшелігіне қарай 10-16 және 17-25 аралығында екі категория бойынша шеберлік байқасты. Мұнда алғаш рет лего, ардунио және қолдан жасалған түрлі құрылымдық платформалар біріктірілген. Республикада бір мыңға жуық өнертапқыш робот жасаумен айналысады. Біздің федерцияның тізіміне осы сала жақсы дамып келе жатқан Ақтөбе, Алматы, Орал, Петропавл, Шымкент, Қызылорда, Астана, Атырау және Павлодар өңірлері кіреді, - дейді «ҚазРоботикс» білім беру және спорттық робот техникасының қазақ федерациясы» ҚБ-нің президенті Айжан Жекеева.

Жарыстың қорытындысы бойынша Павлодар көлік және коммуникация колледжінің студенттері Олег Чернышев, Никита Секретарев, Артем Кирилюс, Ермұрат Телегенов, Олеся Петренко, Антон Поморзин, Олеся Петренко, М. Катаев атындағы оқушылар сарайының тәрбиеленушілері Александр Пуха және Шахназар Қанапия, қыздарға арналған облыстық қазақ-түрік лицейінің оқушылары Мәдина Таупықова және Дания Оралова бірінші орынды иеленді.

Ақбота Сейсенбаева

Фото:pavlodarnews.kz.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: