Лента новостей
0

Мемлекет басшысы Шетел инвесторлары кеңесінің жаңа мүшелерін таныстырды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.05.2016 18:24 Zakon.kz
Мемлекет башысы айтып өткендей, осы жылдары ШИК аясындағы кездесулер жақсы дәстүрге айналды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Шетел инвесторлары кеңесінің 29-шы жалпы отырысын аша отырып, ШИК-нің жаңа мүшелерін таныстырды.

Сонымен, Н.Назарбаевтың айтуынша, «Марубени Корпорейшн» вице-төрағасы Мичихико Ота мырза, байқаушыдан кеңес мүшелігіне өткен «Кнауф» компаниясының басқарушысы Николас Вильгелм Кнауф Шетел инвесторлары кеңесінің (ШИК) жаңа мүшесі болды. Сондай-ақ, кеңес құрамына қазақстандық тараптан жаңа мүшелер енді. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Мемлекет башысы айтып өткендей, осы жылдары ШИК аясындағы кездесулер жақсы дәстүрге айналды.

«Сіздерді Шетел инвесторлары кеңесінің 29-шы жалпы отырысында қарсы алғаныма қуаныштымын. Осы жылдар ішінде біздің кездесулеріміз, еліміздің түрлі өңірлеріндегі кездесулеріміз жақсы дәстүрге айналды. Кеңестің өзі инвесторлар үшін, біздің еліміз үшін ең маңызды тақырыптардың сұхбаты үшін ашық алаңға айналды. Кеңес құрылғалы бері оның құрамы ұлғайды. Бұл халықаралық бизнес-қоғамдастық тарабынан Қазақстанға қызығушылықтың артып отырғандығын көрсетеді. Сондай-ақ, елімізге келетін шетел инвестициясының көлемі тұрақты түрде өсім көрсетіп отыр. Барлықтарыңызға осы іс-шараны белсенді қолдағандарыңыз үшін алғыс айтамын. Бәрімізге табысты жұмыс тілеймін», - деді ол.

Президент сондай-ақ жалпы отырыстың тақырыбы биыл «Астана» Халықаралық қаржы орталығына арналғанын мәлімдеді.

«АХҚО құру - бұл елімізде жағымды инвестициялық ахуал қалыптастырудың келесі бір қадамы. АХҚО инвесторлық капитал мен озық білімдерді тартатын орталыққа айналады», - деп баса айтты Елбасы.

Естеріңізге салсақ, бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 29-шы жалпы отырысы «Астана - халықаралық қаржы орталығы» тақырыбымен басталды.

Іс-шараға халықаралық ірі ұйымдар мен компаниялардың басшылары қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында ЕҚҚДБ, Chevron, «ERG», «Metro Cash&Carry, «JP Morgan & Co.», «Citigroup», «Baker & McKenzie», «Ernst & Young», «ЕБР», «Лукойл» сияқты тағы басқа да компаниялар бар.

Айта кетейік, Шетел инвесторлары кеңесі Қазақстан Президентінің төрағалығымен жүзеге асырылатын кеңесші-консультативті орган болып саналады. Кеңес 1998 жылы елдегі инвестициялық қызмет пен инвестициялық ахуалды жақсартумен тікелей байланысты өзекті мәселелерді тиімді шешу үшін мемлекет пен шетелдік инвесторлар арасындағы тікелей үнқатысуды қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

Елдің инвестициялық саясаты мен экономикалық дамуының басты аспектілері бойынша Қазақстан Президенті мен Үкіметінің қарауына ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу Кеңестің басты міндеті саналады.

Фото:www.akorda.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: