Лента новостей
0

Қазақстанда ерлі-зайыптылардың 16 пайызы бедеулікке ұшыраған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.05.2016 23:46 Zakon.kz
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мәліметіне қарағанда, елімізде ерлердің репродуктивті жүйесі аурулары тыныс алу органдары мен ас қорыту ауруларынан кейінгі таралуы бойынша төртінші орын алады.

Еліміздегі ерлі-зайыптылардың 16 пайызға жуығы бала көтере алмайды. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы алдында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мемлекет әйелдер мен балалардың денсаулығына ереше назар аударып отырғандығын білесіздер. Бұл тұрғыда даярланған көп бағдарламалар бүгінде тиімді жұмыс істеуде. Бүгін отырыста ерлердің денсаулығы мәселесін көтереміз. Себебі, статистикалық мәліметтер ер адамдарға назар аудару қажеттігін байқатып отыр», - деп тоқталды А. Цой.

2015 жылдың қорытындысы бойынша елімізде ерлердің өмір ұзақтығы әйелдерге қарағанда 9 жылға кем көрінеді.

«Еңбекке қабілетті жастағы өлім-жітімге тоқталсақ, осы ретте ерлердің қаза болуы 24 пайызға артық. Еліміздегі ерлі-зайыптылардың 16 пайызға жуығында бедеулік проблемасы бар, оның ішінде 48 пайызы ерлердің ұрпақсыздығы себебіне байланысты»,-деді вице-министр.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мәліметіне қарағанда, елімізде ерлердің репродуктивті жүйесі аурулары тыныс алу органдарының, қан айналымы жүйесі мен ас қорыту ауруларынан кейінгі таралуы бойынша төртінші орын алады. 2015 жылы уроандрологиялық аурулардың 591 мың оқиғасы тіркелді. Бүгінде осы ауруларды анықтау үшін еліміздің барлық өңірлерінде урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар құрылды. Олардың аясында Ерлер денсаулығы мен отбасылық ұзақ өмір сүру орталықтары жұмыс істей бастады. 2015 жылы осы орталықтарда ерлердің ұрпақты болу жүйесі аурулары бойынша 46 606 ер адам тексеруден өтті және емделді.

Руслан Ғаббасов

Фото:el.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: