Лента новостей
0

Қазақстанда 13 жылда саяси қуғын-сүргін құрбандарына 10,7 млрд теңге төленді - ДСӘДМ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 31.05.2016 19:15 Zakon.kz
2003 жылдан бері Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына 10,7 млрд теңге төленді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

«2003 жылдан бері Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 10,7 млрд теңге төленді», - делінген хабарламада.Ведомствода еске салып өткендей, жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негiзсiз қуғын-сүргiндерге ұшыраған және осы заңға сәйкес ақталған адамдарға, республикалық бюджет қаржысынан олардың аталған орындарда болған әр айы үшiн әлеуметтiк қорғау органдарына өтiнiш жасаған сәтiнде қолданылған Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген айлық есептік көрсеткіштің төрттен үш бөлiгi есебiнен, бiрақ заңмен белгiленген 100 айлық есептік көрсеткiш есебiнен ақшалай өтем төленедi. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақапаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен, 2003 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта республикалық бюджет қаржысынан 2,9 млрд теңге сомасында біржолғы ақшалай өтемақы төленді. 2016 жылы аталған мақсаттарға республикалық бюджет қаржысынан 4,7 млн теңге қарастырылған.

Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына, мүгедек болып қалған және зейнеткер болып табылатын, саяси қуғын-сүргiндер салдарынан зардап шеккен адамдарға басқа да әлеуметтік төлемдерден тәуелсіз арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы (АМЖ) 1,07 айлық көрсеткіші көлемінде төленедi (2015 жылы – 2121 теңге).

«2005 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта республикалық бюджет қаржысынан 7,8 млрд теңге сомасында АМЖ төленді. 2016 жылға 987,6 млн теңге жоспарланған. Ағымдағы жылғы 1 мамырға АМЖ алушылар саны 35 325 адамды құрады», - деп мәлімдеді министрлікте.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі №3443 Жарлығына сәйкес, Қазақстанда жыл сайын 31 мамырда саяси қуғын-сүргiн құрбандарын Еске алу күнiн атап өтеді.

ХХ ғасырда Қазақстан территориясында ең ірі ГУЛАГ – АЛЖИР, Степлаг, Карлаг лагерлерінің құрылымдары болды. Республика іс жүзінде үлкен түрме айналды. Қуғын-сүргін жылдарында Қазақстан лагерьлеріне 5 млн адам жіберілген. Кейбір ақпараттар бойынша, жалпы қамалғандар саны бұл саннан едәуір көп.

1921 жылдан 1954 жылға дейінгі аралықта Қазақстанда 100 мың адам қамалды, оның ішінде 25 мыңына ең жоғарғы жазалау шарасы – ату жазасы қолданылған.

1930-1940 жылдарда Қазақстан халқын жаппай депортациялау болған. 1937 жылдың күзінде республикаға мыңдаған кәріс, түрік, иран, құрт және әзірбайджандар көшірілген. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы кезінде елімізге немістерді, гректерді, шешендерді, ингуштарды, қарачаевтарды, балғарларды, қырым татарларын және басқа елдерді депортациялаған. Олардың саны 1 млн 200 мыңға теңеледі.

Фото: old.abai.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: