Лента новостей
0

Астана маңындағы «жасыл белдеудің» ауданы 75 мың гектарға жетті – ҚР АШМ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 31.05.2016 19:48 Zakon.kz
Бүгінгі таңда жасанды орман екпелері 10%-ды немесе республиканың орман алқабының 1029 мың га құрайды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

«Ірі қалалардың айналасында жасыл аймақтарды құру мәселелерінің масштабты шешімінің ерекше үлгісі елорда айналасындағы орман екпелері болып табылады. Яғни, Астана қаласының айналасында орман отырғызудың жалпы аумағы 1997-2015 жылдары 75 мың га астамды құрады. 2020 жылға дейін жасыл аймақ алқабын 100 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда», - делінген хабарламада. ҚР АШМ мәліметінше, 2015 жылы мемлекеттік орман иеленушілер орман және орман өсіруді молықтыру жөніндегі іс-шараларды 60,2 мың алқапта жүргізген. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақапаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысындағы елдердің орманды аумақтарын ұлғайту мақсатында жоғарғы технологиялық инновациялық кешені бар Республикалық орман селекциялық орталығы жұмыс істеп жатыр. Онда алдыңғы қатарлы технологияларға сәйкес отырғызу материалдары қолданылады.

Жыл сайын кәсіпорын тұқымбағында саны 600 мың дана қарағай, 700 мың дана қара сексеуіл, 100 мың дана Шренка шыршасы, Сиберс алмасы мен өрік көшеттері өсіріледі.

Үстіміздегі жылы селекциялық орталық әртүрлі ағаш бұталардың түрлерінің 1,9 млн данаға жуығын өсіруді жоспарлауда.

Сонымен қатар, орман орталығында өндірістік орман биотехнологиялық зерттемелері жұмыс істейді, әзірлемелер қалпына келтірілген өсімдіктердің барлық негізгі генетикалық ерекшеліктерін сақтай отырып, вегетативтік көбеюін жылдамдатуына ықпал етеді.

«Бүгінгі күні Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Қаратау таралымдары алмаларының, қайыңдардың (Карель, мамық, жалпақ жапырақты, қара) терек, майда жапырақты жөке және тағы басқа түрлерінің тұқымы шығарылған. Өсірілген көшет материалдары мемлекеттік орман қоры аумағында, оның ішінде Астана қаласының жасыл аймағында пайдаланылады. Ағымдағы жылы көшет материалдарымен «Іле Алатауы», «Бурабай», «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық парктері, «Жасыл аймақ» РМК қамтамасыз етілді», - деді министрлікте.

Фото: egemen.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: