Лента новостей
0

Алматы облысы туристерді қабылдауға әзір - Ж.Алшынбаева

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 31.05.2016 23:06 Zakon.kz
Алакөлде ақылы сауықтыру көлемі өткен жылы 1,6 есеге, келушілер саны 28,6 пайызға артты.

Алматы облысы 2016 жылғы жазғы маусымға туристерді қабылдауға әзір. Бұл туралы өңірлік ОКҚ брифингі барысында белгілі болды, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Туризм басқармасы басшысы Ж. Алшынбаевның айтуынша, өңірде жазғы демалысты ұйымдастыру үшін барлық қажетті инфрақұрылым құрылды.

Қазіргі уақытта облыста туристер қабылдайтын 563 нысан бар. Оның ішінде 153 қонақүй, 22 қонақ және аңшылық үйлер, 48 демалыс үйлері мен санаторий, 20 сауықтыру лагерлері мен орталықтары, 214 демалыс базалары дайын.

2015 жылы 26 нысан пайдалануға берілді. Оның 10 нысаны Алакөл ауданында, 4 аймағы Ұйғыр ауданында, Райымбек ауданы Саты селосында 3 қонақ үйшігі, 6 ауданда 7 қонақүй салынды. Талғар ауданында «Орман ертегісі» тау курорты-қонақүйі пайдалануға енгізілді. Жеке инвестиция құны 6,9 млрд теңгені құрады.

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында облыста «Алматы-Өскемен республикалық маңызы бар жол (249 шақырым), «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» (304,4 шақырым) жөнделіп, салынуда. Құрылыс жұмыстары 2016 жылы аяқталады. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі учаскесінде 7 сервис нысанын салу жоспарлануда. 4 нысан бойынша инвесторлар айқындалды.

Биыл Алматы облысында сұранысқа ие орын Алакөл өзені маңы, Қапшағай су қоймасы, Талғар Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан нысандар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар болып отыр.

Облыста Алкөл өзені маңында туристік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары белсенді атқарылуда.

2015 жылы Алакөлде Ақши ауылында демалыс аймағына сомасы 622, 7 млн теңгеге электр желісі тартылды. Жергілікті бюджет есебінен жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, 23 шақырым (374,1 млн. теңгеге) жол салына бастады. Өткен жылы «Алматы-Жетіген-Достық» темір жол қатынасына 36,8 млн теңге субсидия бөлінген.

Алакөлде ақылы сауықтыру көлемі өткен жылы 1,6 есеге, келушілер саны 28,6 пайызға артты.

Фото:liter.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: