Лента новостей
0

ҚР-да дәрі-дәрмектерге рецепт алу рәсімі автоматтандырылады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.06.2016 22:11 Zakon.kz
Науқас рецепт алғанша үш кезеңнен және үш кезектен өтеді. Содан кейін бір-ақ дәріханаға барады, - деді Т.Дүйсенова.

Қазақстанда дәрілік заттарды рецепттер бойынша алу жеңілдетіледі, деп мәлімдеді Министрлік жанындағы азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес алдында есеп берген ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Біздегі бар тағы бір мәселе рецепттер беру. Рецепт бойынша адам медбикеге келеді. Сосын ол оны учаскелік дәрігерге, учаскелік дәрігер - бөлім меңгерушісіне жібереді. Науқас рецепт алғанша үш кезеңнен және үш кезектен өтеді. Содан кейін бір-ақ дәріханаға барады», - деді Т.Дүйсенова.

Ол әлеуметтік келісімді енгізумен дәрілерді рецепт бойынша алу рәсімі жеңілдетілетінін түсіндірді.

«Қазір әлеуметтік келісім болғаннан кейін онда науқас қандай дәрілер түрін және қалай қабылдау керектігі жазылады. Осыған байланысты медбике екі-үш айда бір рет бір рецепт жазып береді. Осы рецепт бойынша үш айдың ішінде ол үш рет барып, өз дәрілерін алып тұрады», - деп түсіндірді министр.

Сонымен қатар, ол республикада рецепттер жазу бойынша автоматтандырылған жүйені енгізу жоспарланғанын мәлімдеді.

«Қазір біз рецепттер бойынша автоматтандырылған жүйені аяқтадық. Шілде айында Астанада рецепттер жазып беру және бұл рецепттердің автоматты түрде дәріханаға түсуі бойынша қанатқақты жобаны қараймыз. Адам дәріханаға келіп, дәрісін алатын болады. Яғни, бұрынғыдай әрі бері жүру болмайды», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Фото:365info.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: