Лента новостей
0

Соңғы 20 жылда елімізде азаматтық қызметкерлердің жалақысы 17,6 есеге ұлғайды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.07.2016 15:07 Zakon.kz
2014 жылғы 1 сәуірден бастап барлық мемлекеттік ұйымдар мен қазыналық кәсіпорын қызметкерлеріне ерекше еңбек жағдайы үшін лауазымдық ақының 10%-ы көлемінде үстемақы төлеу енгізілді.

Қазақстанда соңғы 20 жылда (1996 мен 2015 жылдар аралығында) азаматтық қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 17,6 есеге (4 мың 813 теңгеден 84 мың 722 теңгеге дейін) ұлғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауларына сәйкес бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы тәуелсіздік жылдарында бірнеше рет: 2006 жылы - 32%-ға; 2007 - 30%-ға; 2009 және 2010 жылдары - 25%-ға, 2011 - 30%-ға ұлғайтылды.

2014 жылғы 1 сәуірден бастап барлық мемлекеттік ұйымдар мен қазыналық кәсіпорын қызметкерлеріне ерекше еңбек жағдайы үшін лауазымдық ақының 10%-ы көлемінде үстемақы төлеу енгізілді.

Сонымен қатар, ҚР Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасын орындау мақсатында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметкерлердің жалақысы олардың біліктілігіне қарай ұлғайтылды: денсаулық сақтау саласында - 7%-дан 28%-ға, білім беру саласында - 15%-дан 29%-ға, өзге салаларда -28%-дан 40%-ға дейін.

Фото: inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: