Лента новостей
0

Қазақстанда лаңкестікті насихаттаған 90-нан астам сайт жабылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.07.2016 18:55 Zakon.kz
Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауіпсіздікке кері әсерін тигізетін, терроризм, экстремизм және сепаратизмнің кез келген нысанын үгіттеуге бағытталған 94 сайттың қызметіне шектеу қойылған.

Қазақстанда лаңкестік пен экстремизмді насихаттаған 94 сайт жабылды, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА, Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (әрі қарай – Комитет) 2016 жылы Есіл ауданының сотына Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодексінің (әрі қарай – Кодекс) 48-тарауына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн ақпаратты қамтитын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн заңсыз деп тану туралы 18 талап – арыз жолдаған.

«Осы санаттағы азаматтық істер аудандық сотпен каралып, талап – арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарылған. Кодекстің 54 бабына сәйкес, Астана қаласы «Есіл» ауданының прокуратурасымен аталған істерге прокурордың қатысуы қамтамасыз етіліп, тиісті қарытынды берілген», — делінген хабарламада.

Азаматтық істерді қарау натижиесі бойынша, Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауіпсіздікке кері әсерін тигізетін, терроризм, экстремизм және сепаратизмнің кез келген нысанын үгіттеуге бағытталған 94 сайттың қызметіне шектеу қойылған.

Шешім заңды күшіне енді.

Фото: studiobg.net

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: