Лента новостей
0

Алматыда әйел зорланған түрменің басшысына қатысты іс жеке өндіріске шығарылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.07.2016 23:04 Zakon.kz
Зорлау оқиғасы ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ЛА-155/18 мемлекеттік мекемесінің тергеу абақтысында болған. Наталья Слекишинаның айтуынша, зорлауға осы мекеменің төрт қызметкері қатысқан.

Алматыда сотталушы әйел зорланған түрме мекемесінің бастығының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуі мүмкін. Қазір оған қатысты іс бөлек өндіріске берілді. Бұл туралы бүгін «ҚазАқпарат» тілшісіне берген жауабында Наталья Слекишинаның адвокаты Айман Омарова хабарлады.

«Кеше іс аяқталды. Ол прокуратура арқылы сотқа берілді. Кеше кешке қарай іс прокуратураға келіп жетті. Оны қарауға прокурорға 10 тәулік беріледі. Сондай-ақ, мен прокуратураға арыз бердім, ал өтініш хатты іс аяқталған соң тергеушіге бердім», - деді Айман Омарова.

Оның айтуынша, іс бойынша басты күдікті - Руслан Хәкімов.

Оған қатысты Алматы қаласының №2-ші Медеу аудандық соты ҚР Қылмыстық Кодексінің 362-ші бабы 4-ші тармағының 1-ші бөлігі (қызмет бабын асыра пайдалану) және 120-шы бабы 2-ші тармағының (зорлау) 4-ші бөлігінде (әлденеше рет) қарастырылған құқық бұзушылықтарды жасаған деген күдікпен екі айға қамауға алу жөнінде бұлтартпау шарасын санкциялады.

Ал, сол кезде түрме мекемесінің бастығы қызмет атқарған Ермек Ормарбековқа қатысты іс өз алдына бөлек өндіріске берілді.

«Ермек Омарбековқа қатысты енді сотқа дейінге тергеу шаралары жүргізілуі мүмкін», - деді адвокат.

Естеріңізге сала кетелік, сотталушы Наталья Слекишина биыл шілде айының басында қамауда топтық зорлаудың құрбаны болғандығын, соның салдарынан қыз босанғандығын хабарлаған болатын. Оның айтуынша, түрме басшылығы алғашында зорлау туралы істі жасырмақ болған. Алайда, сараптама қылмыстық іске қатысты тұлғалардың бірінің әкелігін растады.

Зорлау оқиғасы ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ЛА-155/18 мемлекеттік мекемесінің тергеу абақтысында болған. Наталья Слекишинаның айтуынша, зорлауға осы мекеменің төрт қызметкері қатысқан.

Айбота Жаппарберген

Фото: www.inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: