Лента новостей
0

Ертіс ауданы Ұзынсу ауылында сібір жарасы бойынша карантин алынды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.07.2016 17:54 Zakon.kz
Айта кетерлігі, ауылда мал союға рұқсат жоқ.

Ертіс ауданы Ұзынсу ауылында сібір жарасы бойынша карантин алынды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы агенттікке мемлекеттік санитарлық-ветеринарлық инспекторы Рашид Нұрбеков мәлім етті.

- Бүгін 28 шілде күні Ұзынсу ауылында болған карантин алынды. Негізі, шараны 26 шілде күні өткізуіміз керек еді, бірақ, залалсыздандыру жұмыстарының қорытындысып күтіп қалдық. Барлық нәтиже теріс. Бұдан басқа, тұрғындар мен малдарды қайта қарап, эпидимиологиялық тексеру актісін құрастырдық. Соңғы тұжырымға негізделіп, Ертіс ауданының мемлекеттік ветеринарлық инспектор ауыл әкіміне карантиннің алынуы туралы хабарлады, - деді Рашид Нұрбеков.

Айта кетерлігі, ауылда мал союға рұқсат жоқ.

- Техникалық тәртіпке сай малды егуден кейін 21 күн өткен соң ғана союға болады. Осыған байланысты, ауыл әкімі мен мал дәрігеріне ветеринарлық куәлік пен анықтама беруге тыйым салынған. Уақыт өткен соң ауылда мал сою бұрынғысынша қалыпты деңгейде жалғасады, - деді Нұрбеков.

Сібір жарасын жұқтырып алған екі адам әлі де облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. 40 жастағы ер адам алдағы уақытта үйге шығарылатын болады. Ал, 31 жастағы әйелдің жағдайы қанағаттандырарлық. Естеріңізге сала кетсек, 17 шілде күні облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында сібір жарасынан 51 жастағы Бекболат Рахметов көз жұмды. 8 шілде күні Ұзынсу ауылының 51 жастағы тұрғыны қолындағы жаралар мен дене температурасының жоғарылауына шағымданған.

Дәл сол күні сол ауылдағы 31 жастағы әйел де денсаулығына шағымданған. Науқастар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Белгілі болғандай, олар етін жеген мал 27 маусымда Ұзынсу ауылындағы жайылымда сойылған. Артынша бұл 117 келі еттің Ертіс ауданындағы «Майра» дәмханасына өткізілгені белгілі болды. Жұқпалы етті жеуі мүмкін деген 95 адам анықталды. Ертіс ауданында 24 адам ауруханаға жатқызылып, 64 адам бақылауға алынды. Павлодар қаласында жеті адам ақ халаттылардың бақылауында болды. 16 шілде күні Ертіс аудандық ауруханасында жатқан 24 адам дәрігерлердің бақылауымен аурухадан шығарылды.

Фариза Қазыбекқызы

Фото: Рavlodarnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: