Лента новостей
0

4 мыңға жуық ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер электронды сандық қолтаңба алды-ҚР АШМ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.07.2016 21:35 Zakon.kz
Сарапшының айтуынша, барлық операциялар: сатып алу, сату, кепілге тапсыру, бөлу, шоғырландыру, сатуға шығару, астық қолхаттарын өтеу жүйеде тегін жүргізіледі, яғни тек жылдық абоненттік төлем ғана төленеді.
Қазіргі таңда Қазақстанда шамамен 4 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер электронды сандық қолтаңба алды. Бұл туралы «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ басқарма төрағасы Жанасыл Оспанов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында мәлім етті, деп жазады, pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.
«Ақмола облысында 59 астық қабылдау кәсіпорны тіркелді немесе жалпы санның 28%, СҚО-да – 49 АҚК немесе 23%, Қостанайда - 43 АҚК немесе 20%, БҚО-да - 13 АҚК немесе 6 %, ШҚО-да - 9 АҚК немесе 4%, яғни бес ірі астық өндіруші облыста 173 астық қабылдау кәсіпорны тіркелген немесе 83%», - деп мәлімдеді ол.
Осылайша, ЖАО ақпараты бойынша, 209 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорнының ақпарттық жүйеде жұмыс жасау үшін 196 астық қабылдау кәсіпорны электронды сандық қолтаңба алды, сондай-ақ 4 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер де электронды сандық қолтаңба алды.
Оның айтуынша, астық қоймаларының жалпы сыйымдылығы 14 млн 839 мың тоннаны құрайды, көрсетілген бес облыстағы астық қоймаларының сыйымдылығы 13 млн тоннаны құрайды немесе барлық астық қоймаларының 88%, олардың 194-інде немесе жалпы санының 90%-да кірме теміржолдар, былайша айтқанда желілік элеваторлар бар.
«Астық иелері үшін жүйеге қол жеткізуін қамтамасыз етудің жылдық абоненттік төлемі жылына 1 АЕК-ті құрайды, яғни, бұл ағымдағы жылы 2121 теңге, ал астық қабылдау кәсіпорны үшін ол 36 АЕК құрайды, яғни шамамен 76 мың теңге. Жүйеге қолжетімділікке келісімшарт электорнды форматта порталда ЭСҚ арқылы жасалады», - деді ол.
Сонымен бірге, сарапшының айтуынша, барлық операциялар: сатып алу, сату, кепілге тапсыру, бөлу, шоғырландыру, сатуға шығару, астық қолхаттарын өтеу жүйеде тегін жүргізіледі, яғни тек жылдық абоненттік төлем ғана төленеді.
Сонымен қатар, сөз барысында Ж.Оспанов 2-3 күнде астық қабылдау кәсіпорындарымен 43 келісімшарт тіркелгендігін айтып өтті. Яғни, қазақстандық астық қабылдау кәсіпорындарының 21% келісімге отырды және аталмыш ақпараттық жүйеде қарқынды режимде жұмыс жасауда.
Естерінізге сала кетейік, «Астық туралы» заң 2016 жылдың 23 шілдесінде күшіне енді. Аталған күннен кейін астық қолхаттары тек электронды түрде ғана шығарылады, астық нарығының субъектілері астық қолхаттарының ақпараттық жүйесінде жұмыс жасай бастады. Астық қолхаттары институты «Астық туралы» ҚР заңына сәйкес 2002 жылғы тамыздан бастап енгізілді.
Фото: pm.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: