Лента новостей
0

Ақкөл ауданының орталығында ашылған бассейнге Д.Баландиннің есімі берілмек

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 12.08.2016 16:54 Zakon.kz
Рио Олимпиадасын қалт жібермей, қадала қарайтын жергілікті халық заман талабына сай тамаша бассейнге еліміздің мерейін асырған Дмитрий Баландиннің есімін беруді қош көріп отыр,

Ақмола облысына қарасты Ақкөл ауданының орталығында ашылған заманауи бассейн салауатты өмір салтын ұстанған елдің игілігіне жарап тұр. Үш жолақты жасанды айдында жыл он екі ай жүзуге мүмкіндік бар. Рио Олимпиадасын қалт жібермей, қадала қарайтын жергілікті халық заман талабына сай тамаша бассейнге еліміздің мерейін асырған Дмитрий Баландиннің есімін беруді қош көріп отыр, деп жазады 24.kz арнасы.

Әуелі Ақкөлде салынған ғимарат туралы екі ауыз сөз. Ине-жіптен екі жыл бұрын шыққан жасанды айдында алғашқыда мектеп оқушылары жүзетін. Кейін ауылда тұратын кәрі-жас малтуға машықтанды. Бұрын құлақ естіген, бірақ көз көрмеген кереметті жергілікті жұрттың жақтырғаны анық.

Сергей Девятко, жаттықтырушы:

- Күніне кемінде 120 әуесқой келеді. Жас мөлшерлері әртүрлі. Жасы да бар, жасамысы да бар. Мұнда суға жүзуді кәсіби меңгергісі келетіндер көп. Шәкірттерімнің алды республикалық жарыстарға қатысып жүр. Енді әлемдік додаға түссе деймін.

Дмитрий Баландин бәйгеден келген күні ақкөлдіктер тың бастама көтеріпті. Ғимаратқа Олимпиада чемпионының есімін беру туралы ұсыныс түсірген.

Мадина Құсайынова, аудандық жастар орталығының жетекшісі:

- Бассейнді қалай атауды ойланып жүр едік. Енді, міне, чемпион атымен атайтын боламыз. Себебі Ақкөл тұрғындары өтініш білдірді. Осы бізден де, Ақкөлден де чемпион шықсын деген үміттеміз.

Баландин атындағы жүзу бассейні. Несі бар, жарасып тұр. Чемпионға құрмет, саңлаққа тарту секілді. Сосын үміт үкіленеді. Балалар Ақкөлде шынығып, әлем біріншілігіне қатысып жатса, қандай ғажап! Жиырма бес метрлік, үш жолақты, суы мөлдір екен. Жүзіп жүргендердің де пікірі жақсы.

Адайбек Абдуллаев, әуесқой спортшы:

- Күнде келіп түсіп жатырмыз. Суы таза, бәрі де жақсы, жаттығушылар да жақсы. Кеше естідік, Баландин Рио Олимпиадасында чемпион атаныпты. Құтты болсын!

Ақкөл жұрты жыл он екі ай жылы суда жүзеді. Шеберліктерін шыңдайды. Малтуға машықтанады. Жастары Дима ағалары секілді Олимпиада шыңын бағындыруды армандайды. Арманның аласасы бола ма?!

Авторлары: Амангелді Сейтханов, Азамат Саматов

Фото: 24.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: