Лента новостей
0

Ақмола облысында 10730 бала материалдық қолдауға зәру

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 12.08.2016 18:25 Zakon.kz
Акция барысында мектепке бармайтын балаларды анықтау рейдтері де бірге өткізілуде.

Ақмола облысында 10730 бала материалдық қолдауға зәру. Олардың ішінде 1053 бала бірінші сыныпқа барады, деп хабарлайды BNews.kz.

Былтыр «Мектепке жол» республикалық акциясы шеңберінде 12399 бала материалдық көмек алған. Биыл да акция шеңберінде кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға көмек қолын созуға ниет танытып отыр.

«Басты мақсат – жағдайы жоқ отбасылар балаларын мектепке дайындау, олардың білім алуына мүмкіндік беру. Соған орай 1-сыныпқа баратын 210 баланың тізімі жасалды. Оларға акция барысында көмек жасалады. Облыс орталығында Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамы 57 балаға, Сбербанк 50 балаға, облыстық басқармалар 50 балаға, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары мен «Нұр Отан» партиясының филиалдары 33 оқушыға, Халық банкі 10 оқушыға, Евразия банкі 10 оқушыға рюкзактар мен оқу құрал-жабдықтарын сатып әперуге уәде етті»,–дейді Көкшетау қалалық білім бөлімінің жетекшісі Бейбіт Жүсіпов.

Бұл үшін осы қайырымдылық көмекті қабылдайтын арнайы пункттер жұмыс істеуде. Мұнда әкелінген қай оқушылар киімі мен оқу құралдары болсын, арнайы тіркеуге алынып, әрбір мектеп арқылы анықталған әл-ауқаты төмен отбасылардың балаларына тізім арқылы таратылып беріледі.

Тамыздың 20-сы күні мектеп жәрмеңкесі өтеді. Бұл да өз кезегінде киім-кешек пен кеңсе тауарларын жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік бермек.

Акция барысында мектепке бармайтын балаларды анықтау рейдтері де бірге өткізілуде.

Фото:www.interfax.by

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: