Лента новостей
0

Қазақстанда Халықаралық ғылым мен коммерцияландыру жөнінде кеңес құрылады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.08.2016 23:14 Zakon.kz
Қазақстанда Халықаралық ғылым мен коммерцияландыру жөнінде кеңес құрылады. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің елдік менеджері Ералы Бексұлтанов ОКҚ баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Халықаралық кеңес қазақстандық ғылым мен инновациялардың нәтижелілігін қолдауға және арттыруға бағытталған «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында қалыптастырылады. Кеңес құрамына 7 ғалым мен халықаралық санаттағы сарапшылар және 2 ұлттық ғалым кіреді. Бұл туралы zakon.kz, Pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл кеңестің мақсаты жобалардың тәуелсіз және жоғары сапалы іріктеуін жүзеге асыру, олардың белгілі бір нәтижеге жетпейінше сүйемелдеп отыруды көздейді. Аталмыш кеңес біздіңше, өте қажетті консультативтік орган болады», - деді ол.

Халықаралық кеңестің қызметіне өтініштерді іріктеу мен ғылыми жобаларға мониторинг жүргізу кіреді. Сондай-ақ, кеңес ғылыми-жобалардың тиімділігі мен қорытындысын және коммерцияландыру мен олардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

Е.Бексұлтан айтып өткендей, кеңес ҒЗТҚЖ коммерцияландыру бойынша үздік ұсынысты таңдауға мүмкіндік береді.

«Кеңес ҚР БҒМ-ін Қазақстандағы коммерцияландыру мен ғылымды дамыту саласы бойынша өзге де мәселелерге қатысты кеңес бере алады», - деп түйіндеді ол.

Фото:www.topreg.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: