Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Павлодар облысында биыл 858 түлек Қазақстан Республикасының білім грантына ие болды

Ағымдағы жылы облыс мектептерін 3601 түлек бітірді. Олардың ішінде 2564 түлек ҰБТ тапсырып, 115 үміткерден 79 бітіруші «Алтын белгі» аттестатына қол жеткізді.

Фото : 16 августа 2016, 12:09

Павлодар облысында биыл 858 түлек Қазақстан Республикасының білім грантына ие болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы агенттікке облыстық білім беру басқармасы білім беру мониторингі бөлімінің басшысы Роза Балтабекова мәлім етті.

- Аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің ақпараттары бойынша ҰБТ-ға қатысушылардың қатарынан 858 бітіруші ҚР білім гранттарының иегерлері атанды. Оның ішінде, Назарбаев университетіне оқуға түскендер саны - 16, әскери ЖОО және ІІМ ЖОО-на түскендер - 4. «Алтын белгі» аттестатын иемденушілер қатарынан 74 бітіруші ҚР грантын алды. Оның ішінде бесеуі Назарбаев университетіне және бір түлек ҚР ІІМ Қарағанды академиясына оқуға түсті. Сонымен қатар, жақын және алыс шетел жоғары оқу орындарында бес бітіруші білімін жетілдіреді. Олардың үшеуі Омбы, Томск, Новосібір қалаларында, ал екі түлек Мюнхен қаласының университетінде білімін шыңдайтын болады, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылы облыс мектептерін 3601 түлек бітірді. Олардың ішінде 2564 түлек ҰБТ тапсырып, 115 үміткерден 79 бітіруші «Алтын белгі» аттестатына қол жеткізді.

Фото: Рavlodarnews.kz


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии