Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Еліміздің басым аумағында күн ашық

Қазгидрометтің мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде Атырау, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.

Фото : 17 августа 2016, 09:31

Атмосфералық ағымдардың өтуінен республиканың солтүстігі мен оңтүстігінде, батыста өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қалған бөлігінде күн ашық, деп хабарлайды BNews.kz. Солтүстіктің кейбір жерлерінде тұман түседі деп күтілуде.

Қазгидрометтің мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде Атырау, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады. Жамбыл облысында, күндіз Қызылорда өңірінің кейбір аудандарында жел тұрып, шаңды дауыл көтеріледі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман байқалады, Солтүстік Қазақстанда жел күшейеді.

Күндіз Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, сондай-ақ Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық күтіледі. Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Фото: point.md


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии