Лента новостей
0

Грантқа өтпеген 45 «Алтын белгі» иегері ЖОО қаражаты есебінен оқуын жалғастырады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.08.2016 16:47 Zakon.kz
ҚР БҒМ хабарлағандай, биыл мемлекеттік білім гранттарын ала алмай қалған 45 «Алтын белгі» иегерінің 19-ы экономикалық, 8-і – халықаралық қатынастар, 14-і – заңгерлік, 4-і – аудармашылық мамандықтарын таңдаған.

ҚР Білім және ғылым министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарымен мемлекеттік білім гранттарын ала алмай қалған 45 «Алтын белгі» иегерлерін тегін оқыту мүмкіндіктерін талқылады. Бұл туралы zakon.kz, Pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл игі бастаманы оншақты қазақстандық ЖОО ректорлары қолдап, бүгін олардың бөлгелі отырған гранттық орындар саны да белгілі болды: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – 10, Тұран университеті – 10, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті – 1, Қазақ мемлекеттік заң университеті – 15, Нархоз университеті – 3, С. Демирел атындағы университет – 2, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті - 1, Алматы менеджмент университеті – 1, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті – 2 орын.

Естеріңізге салсақ, биыл білім гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстың қорытындысы бойынша 45 «Алтын белгі» иегерлері білім гранттарын ала алмай қалға болатын. Мұндай жағдай «Алтын белгі» иелерінің бәсекелестік деңгейі жоғары, әрі мемлекеттік тапсырысы аз бөлінетін мамандықтарды таңдауларынан туындап отыр.

Осылайша, ҚР БҒМ хабарлағандай, биыл мемлекеттік білім гранттарын ала алмай қалған 45 «Алтын белгі» иегерінің 19-ы экономикалық, 8-і – халықаралық қатынастар, 14-і – заңгерлік, 4-і – аудармашылық мамандықтарын таңдаған.

Ал елімізде мемлекеттік білім гранттарының негізгі бөлігі еңбек нарығында сұранысы жоғары, ел экономикасына аса қажетті техникалық және технологиялық мамандықтарға, атап айтқанда, көлік техникасы, құрылыс, радиотехника, электроника, телекоммуникациялар, нанотехнологиялар, т.с.с. көптеген басқа мамандықтарға бөлініп отыр.

Фото:astana.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: