Лента новостей
0

Ақмола облысында 58 инвестициялық жоба қолға алынды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.08.2016 19:00 Zakon.kz
Өңір бойынша Индустрияландыру картасына жалпы құны 671,9 миллиард теңгені құрайтын 107 жоба енгізілген.

Ақмола облысында Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығында 58 жобаны жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.

Өңір бойынша Индустрияландыру картасына жалпы құны 671,9 миллиард теңгені құрайтын 107 жоба енгізілген. Оның 49-ы бағдарламаның алғашқы бесжылдығында, яғни 2010-2014 жылдары жүзеге асырылды.

«2015-2019 жылдарды қамтитын Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы ішінде жалпы құны 77,1 миллиард теңгені құрайтын 20 жоба қолға алынды. Осылайша 1600-ден астам жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 жобаға артық. Степногорск қаласындағы молибден кенін өңдеуге арналған тау-кен фабрикасын жаңарту мен Еңбекшілдер ауданындағы цемент зауытының құрылысы өңірдегі ең ірі жобалар болып саналады. Мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуы қатаң бақылауға алынған»,–дейді Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бөлім жетекшісінің міндетін атқарушы Дамир Жанұзақов.

Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы бойынша өңірде бүгінге дейін жалпы құны 47,6 миллиард теңгені құрайтын 15 жоба жүзеге асты. Нәтижесінде 1200-ден астам жұмыс орны құрылған. Жалпы алғанда, бағдарлама өңірдің кәсіпорындарына жаңа мүмкіндіктер ашуда. Өнім көлемі ұлғайып, бәсекеге қабілеттілік арта түсті. Мәселен, жыл басынан бері Ақмола облысында өндірілген өнеркәсіптік тауарлардың 35,5 пайызы Индустрияландыру картасына енгізілген кәсіпорындарға тиесілі. Ал өңдеу өнеркәсібіндегі олардың үлесі 46,6 пайызды құрап отыр.

Фото: www.syl.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: