Лента новостей
0

Талдықорғанда 300 орынды аурухана ашылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.08.2016 23:21 Zakon.kz
Аурухана жалпы құны 4 094 млн. теңге болатын заманауи медициналық құралдармен, техникалармен жабдықталған. Кадрлық құрамы - 676 бірлік, оның 143-і - дәрігерлер.

Бүгін Талдықорған қаласында Талдықорған қалалық көп салалы аурухана ашылды. Салтанатты жиында қалалықтарды осы маңызды жаңалықпен облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады. Дәл осы күні аталмыш ауруханаға жұмысқа шақырылған қызметкерлердің 7-еуіне жаңа пәтер кілттері берілді, деп жазады , Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Өз сөзінде облыс басшысы өңірде мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде халықтың денсаулығын нығайтуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

- Бүгін «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған Талдықорған қалалық көп салалы аурухананы ашуға жиналып отырмыз. Бұл - тек қалалықтар үшін ғана емес, облыс халқы үшін аса маңызды жаңалық. Салынып жатқан кезінде бірнеше рет келіп, құрылыс жұмыстарының қалай жүріп жатқанын көріп қайттым. Бүгін, міне, мемлекет қолдауының нәтижесінде жоспарымыздың орындалғанына куә болып тұрмыз. Жетісулықтар енді заманауи ауруханада емделетін болады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында әрбір азаматтың денсаулығын нығайтуға, қорғауға барынша жағдай жасалып отыр. Облыс тұрғындарының саулығын үшін медицина мамандарының бар білімі мен білігін салуына бүгінгі ашылып отырған аурухана зор мүмкіндіктер береді деп сенемін. Мұндағы ең озық медициналық құрал-жабдықтарды күтіп ұстап, халықтың игілігіне жаратыңыздар, - деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

Осындай құттықтау сөзді әріптестеріне медицина қызметкерлері де арнады. Олардың арасында денсаулық сақтау саласының ардагері Шаймерден Садықов және аурухана дәрігері, уролог Асқар Садықов та бар. Олар осындай ауқымды, толық жабдықталған, медицина мамандарының нәтижелі жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалған жаңа аурухана үшін ризашылықтарын жеткізіп, өз істерін мінсіз атқаратындарына сендірді.

Салттанатты жиында «Астана Құрылыс» компаниясының бірінші вице-президенті Қайрат Тандықбаев аурухананың бас дәрігері Сәуле Құсмолдановаға ғимараттың символикалық кілтін тапсырды.

Талдықорған көп салалы ауруханасының құрылысына 9 371,0 млн. теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен 1 887,0 млн. теңге бөлінген. Аурухана жалпы құны 4 094 млн. теңге болатын заманауи медициналық құралдармен, техникалармен жабдықталған. Кадрлық құрамы - 676 бірлік, оның 143-і - дәрігерлер.

Ғимараттың жалпы алаңы 33 885,6 шаршы метрді құрайды. Ауруханада стационарды алмастыру, станционарлық, жоғары кәсіби медициналық көмек көрсетіледі. Аурухана құрылымында терапия, хирургия, политравма және қалпына келтіру ортохирургиясы, нейрохирургия, миниинвазивті хирургия, оториноларингология және жақ-бет сүйек хирургиясы, урология және офтальмология бөлімдері жұмыс істейді. Құрал-жабдықтардың ішінде – магнитно-резонанстық томография, эксимерлік лазер, барокамера, эндобейнехирургиялық құрылғы және басқа да жабдықтар бар.

Фото: www.zhetysu.gov.kz.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: