Лента новостей
0

2019 жылдан бастап Қазақстанда үш тілде оқыту кезең-кезеңмен енгізіле бастайды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.08.2016 19:27 Zakon.kz
Д.Назарбаева баса айтып өткендей, орыс тілінде білім беретін мектептерде қазақ тілін оқыту күшейтіледі.

2019 жылдан бастап Қазақстанда үш тілде оқыту кезең-кезеңмен енгізіле бастайды. Ұстаздардың үш тілді білім беруге дайындық деңгейі 2018 жылы бағаланады, деп мәлімдеді республикалық тамыз кеңесінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева. Бұл туралы zakon.kz, Pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Д.Назарбаева баса айтып өткендей, орыс тілінде білім беретін мектептерде қазақ тілін оқыту күшейтіледі. Үш тілде оқыту кезең-кезеңмен жүзеге асырылады, және 2019 жылдан бастап бірінші кезекте 10-11 сыныптардан басталады.

«Мұғалімдердің, оқушылардың және олардың ата-аналарының арасында осы мәселе бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет», - деді Д. Назарбаева.

Оның айтуынша, бес мыңнан астам ұстаз өздерінің еркімен 4-9 айлық тілдік курстарға жазылған. Бұл кезде олардың жұмыс орны мен еңбекақысы сақталады. Еліміздің жоғары оқу орындарда да ағылшын тіліндегі оқу бағдарламалары белсенді енгізілу үстінде.

«Ұстаздардың дайындық деңгейін біз 2018 жылы бағалаймыз және сараптама нәтижесін Елбасына баяндаймыз. Сондықтан дүрбелең жасауға ешқандай негіз жоқ. Бірақ, босаңсуға да болмайды», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

Фото:timeskz.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: