Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Исекешев мектептердегі ақша жинау проблемасын бақылауға алмақ

19 августа 2016, 14:50

Елорда тұрғындары мектептерде ақша жинау проблемасымен бетпе-бет келсе, қала басшысына шағым жасай алады.

Елорда тұрғындары мектептерде ақша жинау проблемасымен бетпе-бет келсе, қала басшысына шағым жасай алады. Бұл туралы бүгін елорда білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

«Әлеуметтік желілерде мектепке баланы ауыстыру барысында орын жоқ деген сылтаумен ақша алу мәселесіне байланысты көптеген сынның бар екендігін атап өткім келеді», - деді ол.

Осы ретте қала басшысы дәл осы мәселеге байланысты жайттар туындаса қала тұрғындарының кез келген ұсыныстарын қарауға дайын екендігін жеткізді.

«Менің жеке өзіме жіберулеріңізге де болады. Бұған қоса, Facebook әлеуметтік желісінде елорданың білім беру саласының «Білім. Астана» парақшасы ашылған. Біздің мамандар, кейде менің өзім де кіріп отырамыз. Астананың барлық педагог қоғамдастығына сол жерде әңгімелесуге шақырамын. Меніңше, бұл пікір алмасудың ең жылдам жолы», - деп атап өтті елорда әкімі.

Сонымен қатар Ә.Исекешев әкімдік кез келген мәселеге шұғыл әрекет ететіндігін баса айтты.

«Сондықтан әкімдікке келудің қажеті жоқ. Кез келген мәселе бойынша әкімдік сайты арқылы жұмыс істеуге болады. Біз проблеманы білеміз. Олар: мектеп формасы, тамақ, оқулықтар. Бұларды шешетін боламыз», - деді ол.

Марлан Жиембай

Фото:inform.kz


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...