Лента новостей
0

Алматыда көшелерді жабайы саудадан тазарту жұмыстары жалғасуда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.08.2016 23:06 Zakon.kz
Жабайы сауданы қыздырып, азық-түлік өнімдерін жерге жайып тастағандардың қашан да жауабы дайын: жан бағып отырмыз, арнайы сауда орындарына баруға қалтамыз көтермейді.

Биыл қалада белгіленбеген орындарда сауда жүргізу 50 пайызға азайған. Алмалы және Жетісу аудандарындағы ретсіз сауда орындарында рейд өтті. Полицейлер жайма базарда азық-түлік сату заңсыз екенін түсіндірсе, саудагерлер бұл күнкөрістің амалы екенін алға тартуда, деп жазады Алматы телеарнасы.

Жабайы сауданы қыздырып, азық-түлік өнімдерін жерге жайып тастағандардың қашан да жауабы дайын: жан бағып отырмыз, арнайы сауда орындарына баруға қалтамыз көтермейді, дейді.

«Заңсыз екенін білеміз. Амалымыз жоқ, бала-шағаны бағу керек. Жұмыс жоқ ешкімде. Сол үшін істеп жатырмыз. Көк базарда істедім. Жалға алу қымбатқа түсті. Содан кейін осы жерге шықтық», - деді саудагер Рахима Омарова.

Жетісу ауданында күнделікті жүргізілген рейдтер жабайы сауданы едәуір төмендеткендей. Жыл басынан бері полиция мен кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің мамандары бірлесе 121 тексеріс жүргізген. Ретсіз сауданың ордасы негізінен «Саяхат» автовокзалы, «Айнабұлақ» ықшам ауданы және Солтүстік айналма жолы маңы. Сондай-ақ осы мерзімде отыздан астам дүңгіршек, заңсыз сауда нүктесіне айналған екі аялдама бұзылған.

«Белгіленбеген жерде сауда жүргізгендерге осы уақыт ішінде 605 хаттама толытырылды. Салынған айыппұлдың жалпы көлемі 700 мың теңгеге жуықтаған. Осы уақытқа дейін оның 487 мың теңгесі өндірілді», - деді Алматы қаласы Жетісу ауданы Табиғатты қорғау полициясының бас инспекторы Болат Сайбеков.

Алмалы ауданындағы «Тастақ» базарының маңында тексеріс жиі жүргізілгенмен, бұл жердегі жабайы сауданың көзін құрту мүмкін болмай тұр. Әсіресе, құрылыс материалдарын саудалайтындар жүргіншілердің жолын жауып, тұрғындардың қозғалысына бөгет келтіруін доғарар емес. Тексеріске келген тәртіп сақшыларын көрген бойда саудагерлер дүкендерін жауып, бастарын ала қашады.

Құқық қорғау органы өкілдері заң шеберінде ескерту жасайды. Екінші рет қайталанған жағдайда, саудагерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Алмалы ауданының тәртіп сақшылары жыл басынан бері заңсыз сауда жүргізгендерге 3500 хаттама толтырыпты. Салынған айыппұл көлемі 2 миллион теңгеден асқан. Бүгінгі дейін соның тең жартысы өндірілген.

«Ең біріншіден, ескерту жүргізіледі. Егерде берілген ескерту ешқандай нәтиже бермесе, оған қатаң шаралар қолданылады. Сатқан тауарларын алып, егерде 10 немесе бір айдың ішінде айыппұлы төленсе, заттарын қайтарып алады», - деді Алматы қаласы Алмалы ауданы ІІБ жергілікті полиция қызметкері Серік Оралханұлы.

Алмалы ауданында мамандар жыл басынан бері 145 рейд ұйымдастырған. Оның барысында 185 заңсыз сауда нүктесі анықталған.

Перизат Көмекбайқызы, Валерий Таубалдиев

Фото: www.qazaquni.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: