Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Тәуелсіздік жылдарында қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 4,4 есеге ұлғайды

Халықтың туу көрсеткіші 8,2%-ге өсті, ол 2015 жылдың нәтижесі бойынша 1000 тұрғынға шаққанда 22,72-ні құрады, ал 1991 жылы ол 21 болатын.

Фото : 22 августа 2016, 11:50

Тәуелсіздік жылдарында қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 4,4 есеге ұлғайып, 2015 жылдың нәтижесі бойынша 72 жасты құрады, 1991 жылы бұл көрсеткіш 67,6 болатын. Бұл туралы zakon.kz, Pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап жазады.

ҚР ДСӘДМ-де мәлімдегендей, мұндай көрсеткішке ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» және Денсаулық сақтау саласын реформалаудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын сәтті жүзеге асыру нәтижесінде қол жеткізілді.

Халықтың туу көрсеткіші 8,2%-ге өсті, ол 2015 жылдың нәтижесі бойынша 1000 тұрғынға шаққанда 22,72-ні құрады, ал 1991 жылы ол 21 болатын.

Ана мен сәби өлімі сәйкесінше 5,4 жән 3 есеге төмендеді (1991 жылы ана өлімі – 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 67,2-ден 2015 жылы 12,5-ге дейін, сәби өлімі – 1991 жылы 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 27,4-тен 2015 жылы 9,39-ға дейін).

Тәуелсіздік жылдарында жалпы өлім-жітім көрсеткіші 6%-ға төмендеді (1000 тұрғынға шаққанда 1991 жылы 8-ден 2015 жылы 7,52-ге дейін). Бұл көрсеткіш негізгі себептерден туындайтын өлім-жітімді азайту арқылы жүзеге асты: қан айналымы жүйесінен болатын өлім 1,9 есеге, қатерлі ісік ауруларынан 33%-ға, қайғылы оқиғалар салдарынан, жарақаттану мен уланудан 23,1%-ға.

ҚР ДСӘДМ халықтың денсаулығын нығайту мақсатында өз қызметін өлім-жітімнің негізгі себебі болатын ауруларды ерте кезеңде анықтау мен емдеу, олардың алдын алуға негізделген басым міндеттерді орындауға бағыттады. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының аясында ауруларды басқару мен оның профилактикасын жетілдіру бойынша жұмыс әрі қарай жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылға дейін күтілетін өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін ұлғайту - «Денсаулық» бағдарламасының мақсатты индикаторы болып табылады.

Фото: informvest.net


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии