Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

ОҚО-да оқулық тапшылығы болмайды

26 июля 2016, 11:05

Әр қалалық, аудандық білім бөлімдері тасымалдаушыны ашық конкурс немесе баға ұсынысын сұрату арқылы анықтайды.

Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылында оқулық жеткілікті болмақ. Ол үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд. 717 млн. теңгеден астам қаржы қаралып отыр. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Биылғы оқу жылында 8 сыныптарға арналған (8 сыныптың барлық оқулығы) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендеріне, 4 сыныптың ағылшын тілі мен 9 сыныптың дінтану оқулықтарына және 1 сыныптардың (1 сыныптың барлық оқулығы) жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендеріне сұраныс беріледі.

Қазіргі таңда, аудандық, қалалық білім бөлімдері баспалармен келісім-шартқа отыру жұмыстарын толығымен аяқтады. Мәселен, облыс бойынша «Атамұра», «Мектеп», «Арман-ПВ», «Алматыкітап», «Білім», «Жазушы», «Келешек-2030», «Интер-Пресс», «Кэмбридж», «САТР», «Бөбек», «Географиялық Республикалық атаулы мектеп», «Express Publishing», «8 & 8», «Macmillan», «Астана-Кітап», «Полиграфия-Олимп» сынды 17 баспамен келісім-шарт жасалды.

Бүгінгі күнге дейін баспаларға 30 пайыздық үстем ақы аударған аудандардың қатарында Бәйдібек, Мақтарал, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Төлеби, Түлкібас, Шардара, Кентау, Түркістан және Шымкент қалалары бар.

Әр қалалық, аудандық білім бөлімдері тасымалдаушыны ашық конкурс немесе баға ұсынысын сұрату арқылы анықтайды. Жеңімпаз деп танылған тасымалдаушымен келісім шартқа отырады.

Бүгінгі күнге облыстық білім басқармасы, Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Төлеби, Түлкібас, Шардара аудандары мен Арыс, Кентау, Түркістан, Шымкент қалаларында жеңімпаз анықталып, келісім-шартқа отырып, жұмыстар жүргізуде.

Фото: ontustik.gov.kz


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...