Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Түлкібаста 96 отбасы баспаналы болмақ

Келер жылы Түлкібас ауданында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2 тұрғын үйдің құрылысы басталмақ.

Фото : 29 июля 2016, 13:33

Түлкібас «Қолжетімді баспана 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан 96 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Өткен жылы құрылысы басталған көп қабатты үйдің бірі 32 пәтерлі болса, екіншісі 64 пәтерлі тұрғын үй. Жыл соңына дейін құрылысы аяқталатын үйлердің пәтер кілті кезекте тұрған азаматтарға ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай табысталады деп жоспарлануда. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған жерге бүгінде ауыз су, жарық, көгілдір отын мен кәріз жолдары тартылуда. Айта кетейік, тұрғын үй кезегінде көп балалы жанұялар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жандар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жас отбасылар бар.

Сонымен қатар, келер жылы Түлкібас ауданында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2 тұрғын үйдің құрылысы басталмақ. Бұл әлбетте баспаналы болуды армандайтын жандардың көңілінен шығып отыр.

Айта кету керек, өңірде әлеуметтік бағдарламалар сәтті жүзеге асырылып, экономикалық жағдай айтарлықтай жақсарды. Әрі Мемлекет басшысы берген тапсырмалар жүзеге асып, түйткілді мәселелер оң шешімін табуда.

Фото: ontustik.gov.kz


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии