Лента новостей
0

ОҚО-да «мектепке жол» акциясы бастау алды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.08.2016 18:11 Zakon.kz
Тамыздың 1-нен бастап қыркүйек айының 30-на дейін жалғасатын шара Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өтпек.

Оңтүстік Қазақстан облысында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы бастау алды. Тамыздың 1-нен бастап қыркүйек айының 30-на дейін жалғасатын шара Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өтпек. Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Ғалия Жүсіпова хабарлады. Аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуды мақсат тұтқан акция соңғы сегіз жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Осы 8 жыл ішінде республика бойынша 2 млн.-нан астам балаға жалпы сомасы 10 млрд. теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Оның ішінде, былтыр «Мектепке жол» акциясы шеңберінде түрлі тақырыпта қамқорлық акциялары өткізіліп, жалпы саны 21656 балаға материалдық көмек берілді. Оның 12918-не бюджет қаражаты есебінен бір жолғы мектеп жабдығы берілсе, қалған 8738 балаға бюджеттен тыс демеушілер қаражаты есебінен материалдық көмек берілді. Облыс бойынша материалдық көмек алған 21 мыңнан астам оқушыға 230 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсалды» - деді Ғ.Жүсіпова.

Биыл да жылдағы дәстүр жалғасатынын айтқан бөлім басшысы акция барысында мектеп жасындағы балаларды білім ұйымдарында оқумен қамту, әсіресе күн көрісі төмен отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды өткізу ұйымдастырылып жатқанын жеткізді. Ол үшін қоғам қайраткерлерінің, бизнес өкілдерінің қатысуымен «Балаларға бірге көмек берейік!», «Ауыл балаларына – мектепке сыйлықтар», «Отбасы отбасыға көмек көрсетеді: Балаларды мектепке дайындаймыз!» атты қайырымдылық акцияларын, мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған балаларға естелік сыйлықтар таратып, мереке өткізу, аз қамтамасыз етілген отбасыларға балаларын мектепке дайындау үшін ірі сауда орталықтарында мектепке қажетті заттарды, оқу құралдарын қабылдауға арналған контейнерлер орнату арқылы «Мейірімді жүрек» акциясын өткізу жоспарда бар.

Айта кеткен жөн, барлық деңгейдегі мекеме басшылары, аудан әкімдері, іскер азаматтар, белсенді топтар, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен аудандық, қалалық білім бөлімдері, мектеп басшыларын және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін атсалысуға шақырылып отырған шараға Сіз де қатыса аласыз. Ол үшін алдағы екі ай көлемінде 24-75-25 сенім телефоны жұмыс істейтін болады.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: