Лента новостей
0

Қазығұртта ішкі көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.08.2016 15:24 Zakon.kz
2012-2015 жылдар аралығында Қазығұртта облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 153,1 шақырымы жөнделді.

Қазығұрт ауданында биыл бірқатар ішкі көшелер жаңартылып, қалыпқа келтіріліп жатыр. Бүгінгі таңда ауданның Қазығұрт ауылындағы 13 жолға орта жөндеу жүргізіліп, ұзындығы 9 шақырымға жуық көшенің жұмыстары аяқталу үстінде. Атап айтқанда, таяу күндері елді мекендегі А.Жұбанов, Фахруддинов, Д.Нүрпейісова, Гагарин, Ғ.Мұратбаев, Еділов, Жамбыл, Бұғыбаев, С.Мұқанов, Жанкелдин, М.Мақатаев, Б.Момышұлы және С.Сейфуллин көшелері асфальтталып, жаңа кейіпке енетін болады. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Орта жөндеу жұмыстары Шарбұлақ ауылында да жүргізілуде. Асфальт төселіп жатқан Әшіров пен Төлеев көшелерінің жалпы ұзындығы 4 шақырымды құрайды.

Жолдарды реттеу жұмыстары жыл соңына дейін жалғаса бермек. Мәселен, алдағы қазан-қараша айларында ауданның 1 мамыр – Аққұм елді мекендерін жалғайтын 10,1 шақырым жол мен «Ақбура» бұлақ көзіне баратын 4,9 шақырым және Аманкелді елді мекеніне баратын 16,4 шақырым жолдарға қайта құру, күрделі және орта жөндеу жұмыстары басталғалы тұр. «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасының аясында жасалатын жұмыстардың ішінде 31,4 шақырым аяқжол, 16,2 шақырым ішкі шаруашылық көшелерді орта жөндеу жұмыстары да бар.

Айта кеткен жөн, 2012-2015 жылдар аралығында Қазығұртта облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 153,1 шақырымы жөнделді.

Аудан аумағындағы жалпы жолдар 664,1 шақырымды құраса, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 49 шақырымды, облыстық маңызы бар жолдар 278 шақырымды, аудандық маңызы бар жолдар 337,1 шақырымды құрайды.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: