Лента новостей
0

ОҚО әкімі комитет төрағасымен өңірдегі жолдардың жағдайын талқылады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.08.2016 21:31 Zakon.kz
Әңгіме барысында заманауи жол бойындағы қызмет көрсетуді дамытудың мәселелері қозғалды.

Өңір басшысы Б.Атамқұлов ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы М.Пішембаевпен кездесті. Басқосуда ведомства жетекшісі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы мен «Жібек жолы» шекара өткелі, Шақпақ ата тоннелінің құрылыс учаскелеріндегі жұмыстардың барысын баяндап, Төрткүл, Шәуілдір, Арыстанбаб және Абай ауылы (Сарыағаш ауданы) учаскелеріндегі жөндеу жұмыстары жайлы айтты. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

2017 жылдың екінші тоқсанында Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының шекарасындағы тоннель мен «Жібек жолы» шекара өткелі бойындағы автомагистраль жолайрығының құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Өз кезегінде, облыс әкімі Мақтарал ауданының дамуы үшін маңызды жол болып табылатын Сарыағаш – Қызыл әскер (72 шқ) тас жолының құрылысы туралы айтып, оған алдағы 2 жыл көлемінде басымдық берілетінін жеткізді.

Аймақ басшысының басты назарындағы кезекті жоба Шымкент қаласының орамды айналма жолы болып табылады. Сонымен қатар, облыс әкімі өңірдің зиярат ету туризмін дамытуға үлкен үлесі бар Арыстанбаб – Түркістан учаскесін күрделі жөндеуден өткізу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, әңгіме барысында заманауи жол бойындағы қызмет көрсетуді дамытудың мәселелері қозғалды.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: