Лента новостей
0

Күн сәулесінен электр энергиясын өндіретін станция салынады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 08.08.2016 15:41 Zakon.kz
Айта кетуіміз керек, 50 МВт электр энергиясын өндіретін жобаның тұтынушысы «KEGOC» АҚ болады.

Созақ ауданында күн сәулесін пайдалану арқылы электр энергиясын өндіретін станция салынады. Бұл жобаның іске асырылуына германиялық «GreenEnergy 3000 Holding» ниет білдіріп отыр. Теріскейге күн қуатымен электр энергиясын өндіретін станиция соғуға байланысты германиялық холдинг пен аудан әкімдігінің арасында келіссөздер бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Станция соғу туралы келісім аталған аталған холдингктің Қазақстандағы өкілі Ақылбек Саматұлы мен аудан әкімі Мақсат Исаевтың екеуара кездесу барысынан кейін белгілі болды. Қазіргі таңда Германиялық холдинг, «GreenEnergy 3000 Holding» қарасты Созақ ауданы «ЮКСЭС-50» ЖШС филиалы жобасының құрылыс жұмыстарын жүргізуге әзір. Қажетті құжаттарды әзірлесе, станияның құрылыс жұмыстары осы жылдың қараша айында басталып, 200-ге тарта жұмысшы тартылады. Келер жылы толық қуатымен жүзеге асатын жобада 50 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Айта кетуіміз керек, 50 МВт электр энергиясын өндіретін жобаның тұтынушысы «KEGOC» АҚ болады.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: