Лента новостей
0

ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі азаматтар 100 пайыз қол арбамен қамтылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 09.08.2016 17:08 Zakon.kz
Тарқатып айтсақ, жыл басынан бері 1422 мүмкіндігі шектеулі азаматқа 1465 қол арба сатып алынып, оның 1107-і таратылды.

Оңтүстік Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қажетті құрылғылармен қамтамасыз ету жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде. Мәселен, биыл Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 игі іс өткізу шарасы аясында «Әлеуметтік қолдау» айлығы шеңберінде өңіріміздегі мүгедектер 100 пайыз қол арбамен қамтылды. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Тарқатып айтсақ, жыл басынан бері 1422 мүмкіндігі шектеулі азаматқа 1465 қол арба сатып алынып, оның 1107-і таратылды. Сөйтіп, облыс бойынша 1064 мүмкіндігі шектеулі азамат қол арбамен қамтылып, оның 43-не жеке оңалту жоспарына сәйкес бөлме ішілік және серуендік екі қол арбадан берілді.

Айта кетейік, өңірімізде 112 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат есепте тұрады. Оның 53 мыңнан астамы І және ІІ топтағы мүгедектер болса, 42 мыңға жуық азамат III топтағы мүгедектер болып табылады. Ал аймағымызда бала кезден мүгедектер саны 17286 адамды құрайды. Оның ішінде, 7744 мұқтаж мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілуде.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2009 жылдан бастап мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін реформалау жұмысы басталды.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: