Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Отырарда биоэтанол өндірісін қолға алу көзделуде

12 августа 2016, 11:56

Қоршаған ортаны ластамау үшін әлемдік маңызға ие биоэтанол өндірісі Отырарда қолға алынса, ауданда экологиялық таза өнімнің бренді қалыптаспақ.

Шетелдік кәсіпкерлер Отырар ауданында биоэтанол өндірісін қолға алуға қызығушылық танытуда. Негізгі шикізаты өсімдіктен алынатын биоэтанол өндірісі үшін аталған аудан таптырмайтын қолайлы аймақ болып отыр. Өйткені, бүгінгі таңда әлемде биоэтанол өндірісінің өрісі кеңіп, пайдаланушылар қатары көбейіп келеді. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Кеңестік кезеңде 20 мың гектар алқапқа жүгері егіп, одан 50 мың тонна дән өткізген топырағы құнарлы отырарлықтар бүгінгі таңда жаңа технологиялармен және ғылымды ұштастыра отырып жүгері өндірісін қайта қолға алуда.

Аптаның басында француздық экономика ісінің докторы, профессор Жан-Поль Ж.Дельхольм мен елімізге белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты С.Сейітжанов ауданымызда болып, тартылатын инвестиция мөлшері, өндірістік база мен өнімді өткізу жайы турасында әңгіме қозғады.

Жаңа ғасыр жаңа технологияларды талап етіп, өркениет пен ғылым егіз ұғымға айналған бүгінгі күні қаншама ғылыми жаңалықтар дүниеге келіп жатыр. Қоршаған ортаны ластамау үшін әлемдік маңызға ие биоэтанол өндірісі Отырарда қолға алынса, ауданда экологиялық таза өнімнің бренді қалыптаспақ.

Фото: ontustik.gov.kz


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...