Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Сайрамда 100 мың тоннаға жуық мал еті өндірілді

12 августа 2016, 14:03

Күніне 2-2,5 тоннаға дейін мал бордақылап, етін Алматыға жөнелтеді екен. Осылайша, жанына жақын кәсіпті табыс көзіне айналдырған шаруа өзіне ғана емес, айналасындағы 8 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Сайрам ауданы, мал басын бордақылаудан Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша алдыңғы қатардағы аудандардың бірі. Бүгінгі таңда, ондағы ірі қара мал басы 176 мыңнан асып жығылса, оның 32 мыңнан астамы бордақылануда. Осылайша, ірі қараны етті бағытта бағып отырған сайрамдықтар бүгінге дейін 100 мың тоннаға жуық мал етін өндіріп, республиканың барлық қалалары мен көршілес Ресей мен Өзбекстанның нарығына экспорттады. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған істі кәсіп көзіне айналдырып, пайдаға кенеліп жүрген шаруаның бірі - Зәкіржан Абдуллаев. Ақсукент ауылының тұрғыны мал бордақылауды кәсіпке айналдырғанына 6 жылдың жүзі болды. Алғашында 5-6 ірі қараны семіртуді бастаған ол бүгінде олардың санын 100-ге жеткізді.

3 ай бұрын «Максимум» аймақтық-инвестициялық орталығынан жылдық 7 пайызбен 15 млн. теңге несие алып, кәсібін жандандырған ЖК «Абдуллаев» еңбек ұжымының аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына айтар алғысы мол.

Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының консультант-менеджері Қ.Асылболатов «Максимум» АИО-нан аз мөлшердегі пайызбен несие алуына құжаттарын рәсімдеуге заң аясында қызмет көрсетіп, жөн сілтеген екен.

– Негізінен, тіс дәрігері маманымын. Мамандығым бойынша 1 жылдай жұмыс атқардым. Бұл кәсіпті ағаларымнан үйрендім. Отбасымыздың бұл кәсіппен айналысып жүргеніне 15 жылдан асты. Осы салада жетістікке жететініме көзім жетіп, жеке айналысуды жөн көрдім, - дейді 29 жастағы кәсіпкер.

Оның Ақсукентте жеке мал соятын орны бар. Күніне 2-2,5 тоннаға дейін мал бордақылап, етін Алматыға жөнелтеді екен. Осылайша, жанына жақын кәсіпті табыс көзіне айналдырған шаруа өзіне ғана емес, айналасындағы 8 адамды жұмыспен қамтуға септігін тигізіп отыр.

Фото: ontustik.gov.kz


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...