Лента новостей
0

Шымкентте «мектепке жол» акциясы аясында 30 мыңға жуық балаға көмек көрсетілді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.08.2016 16:42 Zakon.kz
Акцияға қала әкімдігі,жеке кәсіпкерлер, мектеп әкімшілігі қолдау көрсетіп,жетім және ата-ана қамқор­лығынсыз қалған балалар­ға қамқор болып,олардың әлеу­меттік себептер салдарынан мектепке бара алмауының алдын алды.

Бүгін Шымкенттегі дендросаябақта республикалық «Мектепке жол» акциясы өтті. Елімізде биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған шараға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, қалалық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, білім және тәрбие беру ұйымдарының басшылары мен ұстаздар қауымы қатысты. Бұл туралы , ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Елбасының оқу­шы­лар­­дың мектепке толық баруын қам­та­масыз ету туралы тапсырмасына сәйкес, акция аясында Шымкенттегі білім мекемелерінде әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға көмек берілді.

Яғни акция барысында қаланың 29644 оқушысына қолдау көрсетілді. Оның ішінде: жалпыға міндетті білім қорынан 5000 баланың есеп-шоттарына -12000 теңгеден, барлығы 60 млн. теңге аударылған болса, қала әкімінің демеушілігімен 100 бала мектеп сөмкесімен қамтылатын болады.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қаламызда әлеуметтік көмекке мұқтаж 29644 бала есепке алынған. Осыған орай, қала әкімдігінің қолдауымен көп балалы отбасынан шыққан 18007 оқушыға, 385 жетім және жартылай жетім 5080 балаға, 979 мүгедек, 5166 аз қамтылған отбасы балалары мен 47 оралман отбасының балаларына көмек көрсетілді.

Осылайша, акцияға қала әкімдігі, жеке кәсіпкерлер, мектеп әкімшілігі қолдау көрсетіп, жетім және ата-ана қамқор­лығынсыз қалған балалар­ға қамқор болып, олардың әлеу­меттік себептер салдарынан мектепке бара алмауының алдын алды.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: