Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

ОҚО-да жыл басынан бері салықтан 150,4 млрд. теңге түскен

2016 жылдың 1-ші жартыжылдығына қойылған жоспарды барлық деңгейдегі бюджеттер бойынша асыра орындағандарын айтып, мемлекеттік бюджетке 150,4 млрд. теңге көлемінде қаржы өндірілген.

Фото : 17 августа 2016, 15:50

Бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбетәлиев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу барысы мен бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Баспасөз мәслихатында спикер бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадамның» мемлекет үшін өте маңызды екенін атап өтіп, салық және кеден саясатына қатысты мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне жататын 9 міндетті атады. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Алғашқы топтағы 4 қадамдағы шаралар кедендік декларациялауды жеңілдетуді, сондай-ақ импорттың соңғы тұтынушыға жетуін қадағалауды көздейтін жүйелерді интеграциялау және электрондық декларациялауды дамыту. Сауатты орындау шарты кезінде аталған шаралар кедендік ресімдеу рәсімін жылдамдатуға септігін тигізеді. Бұл, әсіресе, кәсіпкерлер үшін қолайлы өзгеріс болмақ»,- деді А.Үмбетәлиев.

Өздеріңізге мәлім, мүліктер мен қаражаттарды рақымшылық жасау мерзімі осы жылдың соңына дейін ұзартылған. Осы орайда, аталған бағыт бойынша жұмыстарды жандандырып, департамент пен облыс әкімдігі бірлесе мүлікті жария етуге байланысты медиа-жоспар құрып, халық арасында кеңінен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде бүгінгі күнге мемлекеттік кірістер органдары тарапынан, Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан жылжымайтын мүліктер бойынша 328 млн.теңгені құрайтын 19 өтініш бойынша рақымшылық жасалынды. Ал жыл басынан облысымыздың 146 азаматы 14,2 млрд.теңге көлемінде ақша қаражаттарын жария етті.

Департамен басшысы 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығына қойылған жоспарды барлық деңгейдегі бюджеттер бойынша асыра орындағандарын айтып, мемлекеттік бюджетке 150,4 млрд. теңге көлемінде қаржы өндіріліп, межеленген жоспар 139 пайызға орындалғанын мәлім етті.

Брифингте Алтынсары Үмбетәлиев сотқа дейінгі тергеп-тексеру бағытында сапалы жұмыстар ұйымдастырғанын, нәтижесінде заңсыз айналымнан 313 дана ойын құрал-жабдықтары, 457 853 дана алкогольдік және 11 188 дана контрафаткілік өнімдері анықталғанын хабарлады.

Фото: ontustik.gov.kz


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии