Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Шардаралық дихандар жүзім шаруашылығын дамытуда

20 августа 2016, 13:05

Шардаралық шаруалар 2010 жылдан бері жалпы көлемі 1097 гектар жерге егілген бау-бақшадан мол өнім жинап келеді.

Күріш пен мақтадан бөлек шардаралықтар көп жылдық екпелерге көңіл бөле бастады. Мәселен, соңғы бір жылдың көлемінде Тұрысбеков ауылдық округінде 220 гектарға, Жаушықұм ауылында 55 гектарға, Қоссейіт ауылында 13 гектарға жүзім көшеттері отырғызылған. Жүзімнің «тайфи розовый» сортын еккен шаруалар өнімді үш жылдан соң алатынын айтуда. Ал ауданда 209 гектар жерге егілген жүзім алқабынан өнім жиналуда. Бүгінгі күнге гектарына 35 цн өнім алған диқандар 731,5 тонна жүзім жинаған. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар, аудан тұрғыны А.Ибадуллаев 10 гектар алқапқа алманың «Павлинка» деп аталатын сортын өсіруді қолға алған. Ал бүгінге дейін ауданда 70 гектар жерге егілген алма баудан гектарына 25 цн. өнім түсіп, жалпы 175 тонна алма терілген.

Шардаралық шаруалар 2010 жылдан бері жалпы көлемі 1097 гектар жерге егілген бау-бақшадан мол өнім жинап келеді. Бұдан түсер пайданың мол екеніне көзі жеткен диқандар бау-бақшаны дамытуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда жиналған өнімдер ауданның ішкі нарығына шығарылуда.

Фото: ontustik.gov.kz


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...