Лента новостей
0

ОҚО-да жастар арасында спорттық турнир өтті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.08.2016 20:13 Zakon.kz
Жалпы, облысымызда 15 аудан, қаладан спорт саласындағы талантты жастар саны 2016 жылдың жарты жылдық қортындысы бойынша 120 416-ға жетіп отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 30 тамыз–Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, облыс жастары арасында «Спорт бізді біріктіреді» атты турнир өтті. Бұл туралы, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Елбасының Жолдауында айтылған бұқаралық спортты дамыту тапсырмасы бойынша және жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен шараға 15 аудан, қаладан 300-ден аса спортшы қатысты.

Облыс деңгейінде үшінші рет ұйымдастырылып отырған жарыста спортшыларымыз футбол, волейбол, шахмат ойындарынан бақ сынасты.

Нәтижесінде: футбол ойындарынан бірінші орынды - Арыс қаласы алса, волейбол ойындарынан І орынды Түркістан қаласының спортшылар иеленді. Ал шахмат ойындарында Қазығұрт ауданы жүзден жүйрік шығып, І орынды қанжығаларына байлады.

Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің 3 жыл қатарынан ұйымдастырылып келетін спорттық турнирге 5 мыңға жуық жас спортшылар қамтылған.

Жалпы, облысымызда 15 аудан, қаладан спорт саласындағы талантты жастар саны 2016 жылдың жарты жылдық қортындысы бойынша 120 416-ға жетіп отыр. Ал салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында облыста жыл басынан бері 968 түрлі іс-шара өтті.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: