Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Қостанайлық полицей өзін түрмеге қамауды сұрады

23 августа 2016, 14:35

25 жастағы Ералы Молдыбаев - жол-патрульдік қызметінің бұрынғы сержанты. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі бойынша ("Пара алу") айыпты болып отыр.

Қостанайда пара алды деп айыпталған бұрынғы полицей 3,6 миллион теңге көлеміндегі айыппұлды төлей алмағандықтан, соттан оны бас бостандығынан айыруды сұрайды. Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары АА, "Наш Костанай" өңірлік газетінің сайтында жарияланған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Параны полицей биыл 3 шілдеде алған. Қызмет бабында полицей ресейлік номері бар көлікті тоқтатқан. Көлік салонына жақындағанда, ол жақтан алкоголь иісін сезген. Жүргізуші осы кезде ішкенін мойындап, мәселені оқиға орнында шешуді ұсынады. Сотталушы телефонына 70 мың теңге деп жазып, жүргізушіге көрсеткен. Ол келісім беріп, полицейге 50 мың теңге берген. Ал қалған сомасын кейінірек жеткізіп беретініне уәде беріпті.

Бірақ екі апта өткенде жүргізуші райынан қайтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласқан. 22 шілдеде ол сотталушымен 10 мың теңгені беру үшін кездеседі. Бірақ ақшаны өткізгеннен кейін Молдыбаев ұсталған.

Сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, өз ісіне өкінетінін мәлімдеді. Алайда прокурор Молдыбаевқа пара көлемінің 60 есе мөлшерінде айыппұл салуды, мүлкін тәркілеуді және құқық қорғау органдарында қызмет ету құқығынан өмір бойына айыруды талап етті. Мұнымен қатар, мемлекеттік айыптаушы Молдыбаевты сержант шенінен айырып, оның "Лада" автомобилін мемлекет кірісіне өндіруді сұрады.

Өз кезегінде тараптарды қатар тыңдау кезеңінде сотталушының қорғаушысы оның қыруар сомадағы айыппұлды өтей алмайтынын айтып, сондықтан 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады. Экс-полицейдің асырауында әйелі мен бір жасар баласы бар.

Фото: newskaz.kz


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...