Лента новостей
0

Алғашқы мина-тартқыш кораблі сынамадан өтуде

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.08.2016 18:39 Zakon.kz
Бұл кеменің пайдалануға берілуі қазақстандық Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Қазақстанның Әскери-теңіз күштері үшін салынып жатқан бірінші рейдтік «Алатау» сүзетін кемесі Балтық теңізінде сынамадан өтуде. Тартқыштың сынамасы жоспарлы түрде жүргізілуде және маңызды компоненттердің бірі қазіргі таңда мұқият тексеріліп жатқан оның жүріс бөлігі болып табылады. Бұл туралы, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Корабль тралдардың зауыттық жүріс сынамаларын пысықтау үшін теңізге шықты. Оған бас штаб бастығы – ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысының бірінші орынбасары 1-дәрежелі капитан Қайыргелді Есенееевтің басшылық етуімен 6 адам қатысуда. Корабль тартқышты сынамадан өткізу үшін Фин шығанағының қашықтықтағы полигонына өткелден өтті. Ал корабльдің қалған экипажы мен қабылдау комиссиясының офицерлері қосалқы бөліктерді, корабль мүлкін қабылдап, техникалық құжаттаманы зерделейді.

Қазіргі уақытта «Алатау» мина-тартқыш кораблі Гогланд аралының ауданында тұр. Корабльде навигациялық жүйенің, мина іздеу гидроакустикалық станцияның, артиллериялық және тралды қару-жарақтың, телебасқарылатын суасты аппараттардың тексерісін жүргізеді. Сынама және тралшының әзірлігін тексеру аяқталғаннан кейін корабльді негізгі орналасу пунктіне ауыстыруға дайындайтын болады.

Тартқыштың ұзындығы 32 м, ені – 7 м, экипаж – 14 адамды құрайды. Оның жүрісінің барынша жылдамдығы – 12 торап, жүзу қашықтығы – 650 миля, автономдылығы – 5 тәулік. Санкт-Петербор қаласындағы Невск кеме құрастыру зауытында қазақстандық армияның жарақтандырылуы үшін су жаңа мина-тартқыш кораблі құрастырылғанын естеріңізге сала кетейік. Мұндай тартқыш өндірістегі бірден-бірі және композиттік материалдардан әзірленген жаңа үлгідегі корабльдердің іске асырылуы болып табылады. Корабль базалардың су айдынын, кемежайларды, фарватерлер мен жаға маңын минаға қарсы қорғау үшін арналған.

Бұл кеменің пайдалануға берілуі қазақстандық Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Фото: www.mod.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: