Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Қазақстанда айыппұл тұрақтарында 8,5 мың көлік тұр

26 августа 2016, 10:50

Ұсталған көлік құралын сақтау жергілікті атқарушы органдардың шешімімен құрылған және коммуналдық меншік болып табылатын арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда жүзеге асырылады.

Қазақстан бойынша автокөліктердің 80 айып тұрақтары жұмыс істейді. Бұл туралы «ҚазАқпаратқа» ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінен хабарлады.

«Республика аумағында ұсталған көлік құралдарын уақытша сақтаудың 80 арнайы тұрағы жұмыс істейді. Осы ретте Астана қаласында - 2, Алматы қаласында - 6, Ақмола облысында - 8, Ақтөбе облысында - 1, Алматы облысында - 9, Атырау облысында - 2, ШҚО - 4, Жамбыл облысында - 12, БҚО - 2, сондай-ақ Қарағанды облысында - 4, Қостанай облысында- 1, Қызылорда облысында - 7, Маңғыстау облысында - 4, Павлодар облысында - 4, СҚО - 1 және ОҚО-да - 13 айып тұрақтары бар»,-деп атап өтілген комитет мәліметінде.

Атап айтқанда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, ұсталған көлік құралын сақтау жергілікті атқарушы органдардың шешімімен құрылған және коммуналдық меншік болып табылатын арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда жүзеге асырылады.

«Бүгінгі күні уақытша сақтаудың арнайы тұрақтарында әртүрлі негіздер бойынша ұсталған 8,5 мыңнан астам автокөлік бар»,-дейді комитет өкілдері.

Автор: Руслан Ғаббасов

Фото: www.inform.kz


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...